Мәселе

Түркістан облысында тауда жоғалған туристердің сөмкесі табылды – видео

  • Түркістан облысында тауда жоғалған туристердің сөмкесі табылды – видео

    Түркістан облысында тауда жоғалған туристердің сөмкесі табылды – видео

25 мамырда жоғалған жеті адамның екеуі әлі іздестірілуде, құтқарушыларға өзбекстандық әріптестері де көмектесіп жатыр. Түркістан облысында құтқарушылар тауда жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмкені тапты.

Сөмке Өгем өзенінің бойынан табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар сөмкені полиция қызметкерлеріне тапсырды. Жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Ведомство ақпаратынша, аймаққа "Қазавиақұтқарудың" екі тікұшағымен  аэровизуалды барлау жасалуда.

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, полиция департаментінен,  ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 бірлік техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, 25 мамырда кешке Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Анықталғандай, жігіттердің бірі ауырып қалғандықтан, олар екі топқа бөлінген. Үшеуі көмек күтіп қалған, ал төртеуі құтқарушыларды шақыруға кеткен.

28 мамырда бірінші топ аман-есен отбасымен қауышты. 29 мамырда екі туристің мәйіті табылды. Қалған екі жігіт әлі іздестірілуде.

Тауға шыққан туристер – Назарбаев университетінің студенттері, біреуі – мектеп түлегі. Топ 21 мамырда "Сары-Айғыр" шатқалына аттанып, 24 мамырда үйге оралуды жоспарлаған.




Көрілген: 1187    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 17:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31