Мәселе

Түркістан облысында үй өртеніп кеткен жалғызбасты ана үш баласымен далада қалған

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Түркістан облысында төрт бөлмелі үй өртеніп, жалғызбасты ана үш баласымен далада қалған деп хабарлайды 31 арна-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Cұлтанқұловтар әулеті бірнеше апта бойы қолдан жасалған лашықта өмір сүруде.


Жартылай жанып кеткен тақтайлар мен өрттен аман қалған шифрмен қапталған ауданы 3-те 3 метрді құрайтын бөлмеде анасы мен үш бала тұрады. Оған қоса бір бала арнайы күтімді қажет етеді.


"29 маусым күні 3-тер шамасында кішкентай қызыма дәрі аламын деп шештім. Ол ДЦП-мен ауырады. Қызым бар болғаны 3 жаста. Көршімнен ұйықтап жатқан балаларымды қарауды өтініп, дәріханаға кетіп қалдым. Бірнеше минут өткен соң көршілерім хабарласып, үйімнің өртеніп жатқанын айтты", - деп есіне алды Халбибі Сұлтанқұлова.


Өрттен кейін үйдің тек төрт қабырғасы ғана қалған. Ал үйді қайта қалпына келтіруге әйел адамның қаржысы жоқ. Сондықтан әкімдіктің көмегіне жүгінген.


"Сұлтанқұлов әулетінде орын алған төтенше жағдай туралы біз білеміз. Ол бізге өзі хабарласты. Әкім үйді демеушілердің есебінен қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

Одан бөлек, Сұлтанқұловтардың тұратын жері жоқ екенін білеміз. Сондықтан қазіргі уақытта уақытша тұрғын үй іздестіріп жатырмыз. Біз оны далада қалдырмаймыз", - деді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев.


Десе де, жалғызбасты ана қайырымды жандардың көмегінен үмітті.


 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.07.2019, 16:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31