Мәселе

Түркістан облысындағы интернатта оқушыны бір жыл бойы зорлаған күдікті ақталып шықты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Зардап шеккен баланың адвокаты күдіктілердің жазадан құтылып кеткеніне қынжылады.


Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Жылға ауылындағы мектеп-интернатта оқушыны зорлады деп айыпталған сотталушыны ақтады, деп хабарлайды жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова.


Прокурор істің анық-қанығына жетіп, тергеу жүргізгенімен, алқа билер сотталушыны ақтап алды, деді Омарова Алматыдағы баспасөз мәслихатында.


"Судья алқа билердің шешіміне сүйенді. Екінші зорлықшыға келер болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа (14 жас - Sputnik) жетпегендіктен оған қатысты іс тоқтатылды", - деп атап өтті адвокат.


Омарованың сөзіне сүйенсек, Сарыағаш ауданы Жылға ауылындағы көршілес елді мекендердің балалары оқитын мектеп-интернатта оқушы бірнеше рет зорланған.


"Бұл интернатта тұратын оқушылар бір жыл бойы жасөспірімді зорлап келген. Біреуі ересектеу, екіншісі баламен жасты", - дейді ол.


Оның айтуынша, айыпталушы кәмелеттік жасқа толмаған, он жетіде. Ал екінші күдіктінің жасы 13-те. Жәбірленуші бала да он үш жаста екен.


Омарова атап өткендей, бұл жасөспірім сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған жалғыз бала емес. Кем дегенде тағы бесеуі – бір ұл мен төрт қыз зорланған. Адвокат БАҚ арқылы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа үндеу жолдады.


ktk.kz


 




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 11:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31