Мәселе

Түркістанда "әлімжеттік жасаған" оқушыларға кешірім берілді

  • © azattyq.org

    © azattyq.org

Түркістан облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістандағы Талғат Бигелдинов атындағы мектептің 9-сыныптағы үш оқушысына "әлімжеттік жасаған" қаладағы өзге үш мектептің төрт оқушысын кешірді.


Бұл туралы Азаттыққа 27 мамыр күні облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.


Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қылмыстық кодекстің "бұзақылық" бабымен айыпталған төрт оқушы жәбірленуші деп танылған үш оқушымен татуласып, айыпталушы тарап келтірілген шығынды өтеген. Екі жақтың келісімге келген соң 21 мамырда қылмыстық іс тоқтатылған. Айыпталушылар мен жәбірленушілер кәмелет жасқа толмағандықтан, олардың аты-жөні жарияланбады.


21 қаңтарда интернетте түркістандық мектеп оқушыларының үш балаға әлімжеттік жасап, оларды ұрып-соғып, "темекімен күйдіреміз" деп қорқытып жатқаны бейнеленген видео тараған. Ертеңінде ішкі істер министрлігінің өкілі төбелеске қатысушылардың бәрін анықтағандарын жариялады.


Жыл басында Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, әлімжеттік жасау оқиғалары жиілеген. Қаңтар айында әлеуметтік желілерде Түркістан, Қызылорда және Қарағанды қалаларында оқушылардың әлімжеттігі туралы бірнеше видео тараған. Ақтөбеде екі мектептің оқушылары төбелесіп, жоғары сыныптың бір оқушысы пышақтан жарақатынан қайтыс болған.


azattyq.org 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 22:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30