Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістанда мектептердің бірінде ата-ана мен мұғалім жаға жыртысты

26 желтоқсан 2022, 09:41

Түркістан облысындағы мектептердің бірінде ата-ана мен мұғалім арасындағы жанжал болды. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Адырна-ға» сілтеме жасап.

Otyrar.kz-тің мәліметінше, екі әйел алдымен оқу орнындағы кабинеттің жанында сөзге келген. Содан кейін олардың біреуі екіншісін жағадан алып, қабырғаға итереді. Содан соң әйел мұғалімнің аяғын шалғандықтан, ол еденге құлайды. Балалар мен мұғалімдер болып жатқан оқиғалардың куәгерлері болды. Олар әйелдерді ажыратуға тырысқанымен, нәтиже болмады.

«Жағдай Түркістан облысының білім басқармасының бақылауында. Іс полицияға берілді. Бірақ бірнеше күннен кейін ата-ана мектепке ұжымнан және зардап шеккен мұғалімнен кешірім сұрап келді. Екі тарап өзара мәмілеге келді», - деп хабарлады Түркістан облысының білім басқармасы.