Мәселе

Түркістанда тұрғындар ауызсуды әжетханадан тасып ішіп отыр (фото)

  • Фото: KAZ.NUR.KZ

    Фото: KAZ.NUR.KZ

Түркістан қаласында 1 шағынаудандағы №14 отбасылық жатақхана іспеттес үйде тұратын халық азаптан арылмай келеміз деп ашынды. Жыларман халге түскен тұрғындар өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Тұрғындардың сөзінше, олар әр қабаттағы жалғыз ғана әжетханада қажеттерін өтеп жүр екен. Ал бұрындары әжетханаға бару үшін аулаға шығуға мәжбүр болып келген.


Ең сорақысы, ауыз суды әр қабаттағы бір әжетхана бөлмесінен тасып ішеді.



«Қазіргі заманда қай адам әжетхана суын тасып ішеді» деп мұңын шаққан тұрғындар подеъзге кіре сала электр желісінің сымдары салбырап, ары-бері өткен балалар токқа түсіп жазым бола ма деп уайымға салынатындарын да жеткізді.


«Мына сымдар мынау, шимасып жатыр... Біз подъезде 22 баладан бар. Жүгіріп жүріп жазатайым болып қала ма деп қорқамыз... Биыл мына сымдарды қоршап береміз деген. Жоқ, келмеді. Кімге баратынымызды білмейміз», - деді тұрғындар.



Әжетханадан тасып ішетін ауыз суға мұндағы әрбір тұрғын 600 теңге төлеуі тиіс екен.


«Бақшасы барлар онша қаржы төлемейді ғой» деген халықтың тағы бір мұңы - үйдің жөндеу жұмыстары. Мердігер компания жұмысты бастағанымен, аяқсыз қалдырыпты.


Мұны қалалық құрылыс бөліміндегілер де растап отыр. Бас маман Қазыбек Бөкебаевтың айтуынша, мердігер компания үйдің әрлеу жұмыстарын өткен жылдың қараша айында өткізуі тиіс болыпты. Бірақ, алты ай өтсе де аяқтар емес.



Кіре-берісте салбырап тұрған сымдарды жабу мен еденге кафель төсеуді мердігер компания өз қаржысына жасап беремін деп уәде етіпті. Бірақ, ол уәде қашан орындалатынын нақты ешім айта алмады.

Ал ауыз су мәселесіне келсек, тұрғындардың талабы - ауыз су әр үйге жеке-жеке жүргізілсе.


«Ақшасын төлеуден де қашпаймыз» деген олар мәселеміз шешілмейінше тынышталмаймыз деп бекініп отыр. Ендігі жерде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке кірмекші.



«Айтып жатырмыз, жоғарыға дейін шағымданып жатырмыз. Шөкеевтің алдына барғым кеп отыр. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Сол кісінің алдына барып мұң-мұқтажымызды айтамыз. Басқа ешқандай амал қалмады ғой. Одан нәтиже шықпаса, елордаға барамыз. Тоқаевқа тікелей шығамын», - деп ашынды тұрғын Баян Қожабекова.



Өкініштісі - жауаптылардың айтуынша, мұнда ауыз суды жеке-жеке жүргізу мүмкін емес.


Себебі бұл үй о баста жатақхана есебінде салынғандықтан техникалық жағы қарастырылмапты.


Ал тұрғындарға су жеткізуші мекемедегілер "ауыз суды үйге тартып аламыз десеңіздер, оны өз қаржыларыңызға жасайсыздар" деп кесіп айтыпты.



 




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 21:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30