Мәселе

Түркістандағы «Керуен сарай» пенопласттан салынған ба? Шөкеев сынға жауап берді

  • Түркістандағы «Керуен сарай» пенопласттан салынған ба? Шөкеев сынға жауап берді

    Түркістандағы «Керуен сарай» пенопласттан салынған ба? Шөкеев сынға жауап берді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Керуен сарай» нысанын салуда қандай құрылыс материалдары қолданылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ол жерде күн сайын жүрдім. Ол темір-бетоннан, арматурадан салынған. Бұл жерде барлығы да өңірде сейсмикалық қауіп төмен болғандығына қарамастан үлкен сақтықпен жоспарланған. Әрине, әртүрлі ішкі материалдар, қабырға материалдары қолданылған. Келушілердің бірі сол материалды байқап қалып, бүкіл Керуен сарай сонымен салынған деп ойлапты. Бұл қарапайым материал. Егер ол құрылыстан хабары болса мұндай жазбайтын еді. Жалпы, Sembol әлемдік компания саналады. Ол өзінің абыройын қатты бағалайды. Олар мұндай жайт үшін абыройларына келген нұқсанға байланысты жауапқа да тартуы мүмкін», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Өңір басшысы пенопласт арзан құрылыс материалы болғандықтан барлық жерде қолданылатындығын баса айтты.

«Ол өте арзан әрі тиімді. Жалпы, қазіргі әлемде барлығы платмассадан жасалады. Мына үстел, қаламсап, микрофон пластмассадан жасалған. Сондықтан меніңше, жоқ жерден түсініксіз хайп жасап отыр. Мұндай жайтты айтқан кезде жауапкершіліктің де болғаны дұрыс-ау. Өйткені, біз туристерді тартқымыз келеді. Шетелдік инвесторлардың қаражатын тартуға ұмтыламыз», - деді облыс басшысы.

ҚазАқпарат.




Көрілген: 937    Пікірлер: 0

сенбі, 19.06.2021, 21:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31