Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түрістандық бойжеткен жезөкшелік жолына қалай түскенін айтты

15 қазан 2021, 19:19

Түрістандық Гүлнұр есімді қыз сутенерлерден қалай қорлық көрегінін және жезөкшелікке қалай күштеп жегілгені жайлы "Астарлық ақиқат" бағдарламасында ашық айтып берді.

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

 

Бағдарламаға Жазира Асан есімді қыздың анасы қызының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтты. Бірде бала күтуші болып, бірде саудамен айналысып жүргенін айтып жүрген қыз хабарсыз кеткен. Ал жезөкшелік жолға еркінен тыс түскенін айтуға қорқып ата-анасына алдаған.

 

Жезөкшелікке ойламаған жерден, ұрып-соғып, қорқыту арқылы түскен Гүлнұр есімді құбысы бағдарламада болған жайттың барлығын бүкпесіз жайып салды. Айтуынша Гүлнұр Феберлик компаниясынан тауар алып сатпақшы болған. Екі-үш рет тапсырыстан соң, арнайы топ бақылап, "мамаша" Эльмира есімді азаматша үш еркекке ұстатып жіберген.

 

- Үш еркек бір үйге апарды. Ол жерде тағы ер адам күтіп алып саудаласты. Менің жылап, қайтамын дегеніме ешқайсысы құлақ аспады. Тек сөзге келмей, қарсылық танытсаң қолына түскен затпен ұрады. Бір бөлмеде қамап ұстады. Екі күн тамақ түгілі, жұтым су да ішпедім. Қатты қиналдым. Ол жердегі еркектер үйреніп кетесің, ештеңе етпейді деп айтты.

 

Гүлнұрдың айтуынша үйге кірген бірнеше еркек сол жерде бірнеше мәрте зорлаған.

 

"Сағатына 10 мың теңге. Бір күнде 4 қыз 1 миллион шығарасыңдар. Жоқ дегенде бір күнде 100 мың табуларың керек дейді. Бірақ бізге мүлдем ақша бермейді. Барлық ақшаны Эльмира тартып алады", деп көз жасын тоқтата алмаған Гүлнұр бағдарламадан қолдау мен өзін қорғауын сұрады.

 

Кейін Жазира екеуі аталған қылмыстық топтың құрығынан түнделетіп қашып шыққан. Осылайша Жаңатасқа барып жасырынған. Олардың қашып шығуына клиенттердің бірі көмектескен екен.

 

Журналист Жан Ахмадиев "мамашалар" мен полиция бұл жиіркенішті әрекетті бірігіп жасайды. Бұған бір тоқтау қою керек. Осы мәселені шешетініне сенемін" дейді Жан Ахмадиев. 

 

Жан Ахмадиев еркектер қыздардың түріне қарап, зорлайтын қыз, зорламайтын қыз деп біледі дейді.