Мәселе

Туыстары зорланған оқушы қыздың жүкті болып қалғанын жасырған

  • https://rep.ru/

    https://rep.ru/

Кәмелетке толмаған қызды зорлау қылмысын жасырғаны үшін жәбірленушінің туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллинге сілтеме жасап.

 

Ерлан Файзуллин Қарағанды облысында 40 жастағы ер адамның кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық істің кейбір мән-жайын айтып берді.

 

Қазір іс тергеу сатысында тұр.

 

"Осы факті анықталған кезде бірден Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 3 бөлігі "Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Ер адам іс бойынша жалғыз күдікті. Тергеудің аталған қылмысты жасырғысы келген болуы мүмкін тұлғаларға қояр сауалдары бар. Сотқа дейінгі тергеу аясында олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Егер қажет болса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық-атқару кодексінің 201 бабы негізінде басқа ақпараттарды жариялауға құқығым жоқ", - дейді Ерлан Файзуллин.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін кәмелет жасына толмаған қызды Қарағанды облысының 40 жастағы тұрғыны зорлағаны хабарланған еді.

 

Алғашқы қауесет ауыл тұрғындарының әңгімесінен тарап кеткен. Тіпті мектеп оқушысы жүкті болып қалып, жасанды түсік те жасағаны туралы сыбыс тараған.

 

Осыдан кейін ақпаратты тексеруге ауылға барған полиция қызметкерлері оқиғаны растап, қыз зорлау фактісімен іс қозғаған.

 

Қызына жыныстық зорлық жасалғаны туралы ата-анасы да жақ ашпаған.

 

Ал күдікке ауылдағылар діни жоралғыларды өткізуге шақырып ауыл молдасына айналдырған азамат ілінген.

 

 

 

 

 




Көрілген: 2634    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 17:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30