Мәселе

Тығылып беташар, той жасап жатыр – дәрігер тараздықтар туралы

  • Тығылып беташар, той жасап жатыр – дәрігер тараздықтар туралы

    Тығылып беташар, той жасап жатыр – дәрігер тараздықтар туралы

Бұл туралы «Тараз қаласындағы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде Тараз қаласының бас санитарлық дәрігері Рита Алтынбасова айтты.
Қазір қыс мезгілі уақыты ғой. Көбісі соғым беріп жатыр. Тығылып беташар, той жасап жатыр. Ол жерге кімдер барады? Көбінесе үлкен жастағы кісілер барады. Бірақ олар тойға барғандарын жасырып, айтпайды. Мейрамхана, тойханалар әлі күнге дейін ұжымдық мерекелер, той өткізулерін тоқтатпай отыр. Оның дәлелі мобильдік топтардың күнділікті жұмысынан байқалады. Бұл топтар хаттама толтырып, материалдарды бізге жолдап отырады. Осыдан біз қай жерде той болып жатқанын, қай жерде беташар болып жатқанын біліп отырмыз. Мұндай фактілер өте көп, - дейді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін 228 хаттама толтырылып, 49 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Мұның бәрі карантиндік шектеу режимін сақтамаған жеке кәсіпкерлеріміз. Оның 80 пайызы дәмханалар, тойханалар, күнделікті тамақтанатын кафелер. Сондықтан Тараз қаласының тұрғындарына айтатынымыз &ndash ең алдымен өз басын, жақындарын сақтаса екен, - деп айтты қаланың бас санитарлық дәрігері.
Ол қала тұрғындарынан маска режимін, гигиена талаптарын сақтауға шақырды.

 Үйге келгенде ең алдымен қолды сабынмен жуу керек. Адам көп шоғырланатын жерлерде арақашықтықты сақтау қажет. Бұл ең қарапайым, материалдық қажеттіліктерді талап етпейтін ережелер. Ауруды жеңу үшін әр адам жеке басын қорғауы керек, - деп түсіндірді Рита Алтынбасова.

BAQ.KZ




Көрілген: 1673    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 17:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31