Мәселе

Уәлибек: Биліктегілер қанша адам өлетінін біледі екен, неге аты-жөнімен айта салмайды, дайын жүретін едік

  • Уәлибек: Биліктегілер қанша адам өлетінін біледі екен, неге аты-жөнімен айта салмайды, дайын жүретін едік

    Уәлибек: Биліктегілер қанша адам өлетінін біледі екен, неге аты-жөнімен айта салмайды, дайын жүретін едік

Қазақстандық актер Уәлибек Әбдірайымов биліктегілерге өкпесін айтты. Барлығын алдын ала болжап отырғандар нақты деректер келтірсін дейді. Бұл оның коронавирустық пандемияға қатысты айтқаны.

Бұл туралы Уәлибек мырза әлеуметтік желіде Нартай Аралбайұлымен тікелей эфирге шыққан сәтте айтты.

Уәлибек Әбдірайымов коронавирустық пандемияға қатысты ойын айтты. Бәрі шенеуніктердің болжамы бойына орындалып жатыр дейді актер.

"Менің бір таңғалатыным - бәрі солардың айтқаны бойынша орындалып жатыр. Қай уақытта болады, қанша адам ауырады, қанша адам жазылад, қаншаы қайтыс болады, бәрін айтып жатыр. Ақыры айтты екен, неге аты-жөндерімен айтпайды екен? Кімнің ауыратынын, өлетінін, аты-жөнін айтса, дайындала беретін едік. Тізімде болсақ, айналадағыларымызбен қоштаса беретін едік", - деп қағытты ол.

Әзілкеш қазіргі министрлердің жұмысына көңілі толмайды.

"Бір министр осы іске жауап беру керек қой. Өткелден өтер сәтте қазақ атты ауыстыра ма? Ауыстырмайды. Ал, бізде ауыстырып жатыр. Екі ай сайын министр ауысып жатыр? Одан не өзгеріп жатыр? Нәтиже бар ма?", - деді Әбдірайымов.

Желідегі жұрт "актердің сөзінің жаны бар" десіп жатыр. Енді бірі "өліммен ойнауға болмайды" деп ескертті. "Алдағыны Алла ғана біледі" деп жазды желідегі жұрт.

 

stan.kz




Көрілген: 766    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31