Мәселе

Уханьда оқитын қазақстандық студенттердің жағдайы қандай?

  • Уханьда оқитын қазақстандық студенттердің жағдайы қандай?

    Уханьда оқитын қазақстандық студенттердің жағдайы қандай?

Былтыр Уханьда коронавирус өршіп, қауіп көбейгенде студенттеріміздің көбі елге оралған еді.

Сол жақта қалып қойғандары да аз емес.

Олардың мұндай шешім қабылдауыне не себеп болды? Ол кездегі жағдай қандай еді? Студенттермен кездескен тілшімізді тыңдайық.

Ботагөз Сырғабаева, тілші: - Індет басталғанда Уханьда оқитын жүздеген қазақстандық студенттің біразы қысқы демалысын Отанында өткізіп жатқан. Қалғандарын эвакуациялау шешімі қабылданды. Артём сол кезде Қытайдың өзге қаласына көшіп кеткен, бірақ жерлестерімізді Отанына қайтару ісіне белсенді қатысыпты. Өзі Қытайда қалуды ұйғарған болатын.

Артём Антонов, студент: - Ата-анама коронавирус жұға ма деп қатты үрейлендім. Олар ауырып қалса, мұны өзіме кешіре алмас едім. Сондықтан Уханьда болсам да, үйге қайтпас едім.

Дана да Уханьда қалған студенттің бірі. Індет тараған кезде Зәресі ұшқанын мойындап отыр, әсіресе, түнде жедел жәрдем көліктерінің дабылын естігенде жанын шүбірекке түйіп отырған.

Дана Дюсембаева, магистратура студенті: - Ұстаздарымыз қолдау көрсетіп, үнемі денсаулығымды сұрап тұратын, екі-үш рет келіп те кетті. Сол кезде оқуымды бітіріп жатқанмын, диплом жұмысын жазу үшін уақыт керек болатын. Осылай үйде отырып жазып шықтым. Уақыттың қалай өткенін аңғармай да қалдым.

Сол кезде азық-түлікке онлайн тапсырыс беру қарқын алды. Бірақ бағалар да шарықтап кетті. Кейін жағдай тұрақталып, дүкендер ашылып, қоғамдық көлік жүре бастады.

Артём Антонов, студент: - Супермаркет, метроға кіргенде арнайы QR-кодты сканерлеуге тиіссің. Бұл бақылау үшін қажет. Осылайша, кімнің қашан қай жерде болғаны түсінікті. Егер коронавирусты жұқтырған адам анықталса, сонда болған адамдар дер кезінде ескертіліп, үйлерінде оқшауланады. Ал кодың қызыл болса, арнайы орынға баруың керек.

Қазір Ухань қаласындағы жағдай тұрақты. Университеттерде ниет білдірген барлық адамдарға екпе салынады.

Авторы: Ботагөз Сырғабаева

24.kz




Көрілген: 818    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 00:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31