Мәселе

Үкімет басына кім келеді: Саясаттанушы үш шенеуніктің атын атады

  • © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

    © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев мәжіліс сайлауынан кейін жасақталатын үкіметтің жаңа құрамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Меніңше, үкіметтің басым бөлігі қайта тағайындалады. Себебі бізде тәжірибелі кадрлар көп емес. Сосын қазіргі премьер-министр Асқар Мамин барлық дерлік саяси күштердің көңілінен шығып отыр", - деді Әшімбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

 

Сарапшының ойынша, кейбір министрлер ауысады. Оларды өңірлерді күшейту үшін жіберуі мүмкін. Себебі соңғы бір жылдың ішінде әкімдіктердің жұмысынан біраз олқылық шықты. Соны түзету үшін орталықтан адам жіберу керек.

 

Осы орайда саясаттанушы білім және денсаулық сақтау министрлерінің ауысына қатысты өз ойын айтты. 

 

"Енді бізде білім, денсаулық министрлерін жиі сынайды ғой. Білімнің өзі жиі сынға ұшырайтын сала ғой. Министрді (Асхат Аймағамбетов &ndash Sputnik) ауыстырайық дейді. Бірақ оның осы қызметке келгеніне көп болған жоқ. Ал белгілі бір проблеманы шешу үшін үш-төрт жыл қажет. Сосын бірізділік керек. Осы салада проблема көп. Ал карантин көп проблеманы ушықтырып жіберді", - деп атап өтті Әшімбаев.

 

Сарапшы денсаулық сақтау министрінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Бірақ мемлекет тарапынан өзгеріс жасау ниеті болмаса, министрді ауыстыру мәселесі көтерілмейді. Бұдан бөлек, әділет министрі Марат Бекетаев та бірнеше рет сынға ұшыраған. Жалпы, ротация болады. Бірақ, оның айтуынша, жаңа адамдар келмейтін сияқты. 

 

"Бәлкім, мәжіліске вице-премьер Ералы Тоғжанов барады. Ал үкімет басшысы қызметіне қазіргі Асқар Мамин лайықты. Сосын мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мен Nur Otan төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекті атап жатыр. Осы үш кандидат", - деді Әшімбаев.

 

 

 




Көрілген: 2999    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 14:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2020
    Сиыр жылына шолу
    28 Желтоқсан 2020
    ТАЗА САЙЛАУ ТУРАЛЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31