Мәселе

Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек - Тоқаев

  • © Официальный сайт Президента РК /

    © Официальный сайт Президента РК /

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар карантинді сақтауы үшін үкімет пен жергілікті билік шара қабылдауы керек деп санайды.

 

"Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

 

Ол көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті екенін атап өтті.

 

"Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет", - деп түйіндеді президент.

 

Еске сала кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланып, 11 мамырға дейін созылды. Қалалар мен облыстарда карантин алынған жоқ, бірақ жеңілдетілді.

 

Коронавирустың таралу қарқынына қарай жергілікті билік карантин шараларын жеңілдету немесе қатаңдату бойынша шешім қабылдап жатыр. Дүйсенбіде COVID-19 індетінің өсімі төмен (2 процентке дейін) өңірлерде сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар мен дәмханалар ашылып жатқаны белгілі болды.

 

 




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 08:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31