Мәселе

Үкіметте жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды

  • Үкіметте жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды

    Үкіметте жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды

  • Үкіметте жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды

    Үкіметте жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты республикалық комиссияның отырысы өтті.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Комиссия отырысын ашқан Ералы Тоғжанов қазіргі жағдайда жұмыс орындарының сақталуын, жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарының алдын алу сияқты мәселелер бұрынғыдан да өзекті екенін атап өтті. Вице-премьер жұмыс берушілер мен жұмысшылардың мүдделерін қорғайтын кәсіподақтардың осы бағыттағы баға жетпес үлесін ерекше атап өтті. Еңбек қатынастарын реттеу үшін әлеуметтік әріптестіктің маңызы зор.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Нұрымбетов және өңірлер әкімдерінің орынбасарлары әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі Кешенді жоспардың іске асырылуы, сондай-ақ өндірістік жарақаттардың санын азайту шаралары туралы баяндады.

Сонымен қатар Республикалық үшжақты комиссияның қарауына ҚР Үкіметі және кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің жобасы шығарылды.

Жаңа келісім «лайықты еңбек» мәтінінде және Халықаралық еңбек ұйымы ұсынылатын тәсілдер мен индикаторларына сәйкес әзірленуде. Осы мәселе бойынша Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Дәулеталин өз ұсынысын айтты.

Отырыс соңында Тоғжанов орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырмалар берді. Олардың ішінде: өндірістік процестерді тұрақтандыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша меморандумдар жасау жөніндегі жұмысты жандандыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жедел шаралар қабылдай отырып, қызметкерлердің босатылуына мониторингті күшейту, жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті азайту жөнінде пәрменді шаралар қабылдау.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 22:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31