Мәселе

Украинадағы Ан-26 апатынан аман қалған жалғыз адам оқиғаның қалай болғанын айтты

  • Украинадағы Ан-26 апатынан аман қалған жалғыз адам оқиғаның қалай болғанын айтты

    Украинадағы Ан-26 апатынан аман қалған жалғыз адам оқиғаның қалай болғанын айтты

Харьков маңындағы Ан-26 апатынан аман қалған украиналық курсант Вячеслав Золочевский БАҚ-тан құлағанға дейін ұшақтан секіргені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол ауруханаға келген Украина президенті Владимир Зеленскийге және Харьков облыстық әкімшілігінің басшысы Алексей Кучерге болған оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Украина президентінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Золочевскийдің жағдайы орташа ауыр деңгейде. Ол Зеленскийге бәрі аяқастынан орын алған соң, не болғанын бірден түсінбегенін айтты. Курсантпен сөйлескен Алексей Кучер айтуынша, "бәрі компьютерлік ойындағыдай болыпты".

 
"Көп сұрақ қойып мазасын алмадық. Тек қандай көмек көрсете алатынымызды сұрадық. Ол болған жайдың бәрін есіне түсіре алмады. Есін жоғалтып алған. Біздің түсінуімізше, курсант есін жиған соң, ұшақ сынықтарының астынан шығып, әріптесін оттан құтқарған. Ол ұшақта болған кезде аман қалды", - деді Кучер.

Золочевскийдің айтуынша, курсанттар мен экипаж таныс болған және бірге ұшқан.


75 жолаушы эвакуацияланды: Алматыға бет алған Air Astana ұшағы шұғыл түрде Шымкентке қонды

Дәрігерлер өлімі: Сарапшылар Алматы маңында құлаған АН-28 ұшағына оқ тиген деген болжам айтты

"Ұшақтан шығарып тастады": Шымкент-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсте жанжал шықты
Украина ІІМ басшысының орынбасары Антон Геращенко Facebook-те Ан-26 ұшағының соңғы секундтарын жариялады. Бейнебақылау Чугуев қаласындағы биік ғимараттардың біріне орнатылған екен.

Сондай-ақ, Ан-26 апаты кезінде Николаев облыстық кеңесінің депутаты Вадим Олабиннің ұлы, 20 жастағы Владимир Олабиннің қайтыс болғаны белгілі болды.

Еске салсақ, Украинада ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды. Кейіннен белгілі болған ақпарттарға сәйкес қаза тапқандар саны 26 адамға артып, апат видеолары жарияланды. Орын алған қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан президенті Тоқаев Зеленскийге көңіл айтты. 




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.09.2020, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31