«Ұлттық банк қызметкері» 180 астаналықтың 150 миллион теңгесін қолды қылды

23 мамыр 2022, 10:25

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, соңғы кездері алаяққа алданғандар саны азаймай отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, астанадағы Сарыарқа ауданының полиция бөліміне сағат 11.50-де белгісіз біреудің өзін экономикалық қылмыс бойынша «Ұлттық банк қызметкерімін» деп таныстырып, 3 млн 455 мың теңгесін қолды еткенін айтып шағымданған.

 

Күдікті жәбірленушіге оның жинағын «сақтап қалу үшін» Бейбітшілік көшесіндегі «Центр Кредит» банкіне ақша аудару керектігін түсіндірген.

 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Биыл осындай әрекеттен елорданың 180-нен астам тұрғыны опық жеген. Жалпы материалдық шығын 150 миллион теңгеден асады.

 

Полиция банк қызметкерлері жеке дерек, жинақтағы ақша туралы тұрғындарға ешқашан қоңырау шалмайтынын ескертеді.