Мәселе

Ұлы өздігінен қозғала алмайтын оралдық ана жомарт жандардың көмегіне зәру

  • Ұлы өздігінен қозғала алмайтын оралдық ана жомарт жандардың көмегіне зәру

    Ұлы өздігінен қозғала алмайтын оралдық ана жомарт жандардың көмегіне зәру

11 жастағы оралдық Сұлтан есімді балақай балалар церебральды сал ауруы мен микроцефалий дертіне шалдыққан. Бүгінгі ұлын жалғыз өзі тәрбилеп отырған ана баласының өздігінен қозғала алмайтынын айтып, халықтан жанұшыра көмек сұрауда деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Сұлтанның анасы Алтынай Булекпаеваның сөзінше, ұлына 23-мамыр күні ота жасалу керек болатын. Алайда қажетті сома толық жиналмағандықтан ота маусым айының ортасына ауыстырылған.


"Менің ұлымда балалар церебральды сал ауруы, микроцефалия, спастикалық тетрапарез, симптоматикалық эпилепсия бар. Балам өз бетімен жүріп, отыра алмайды, сөйлемейді. Өткен жылдың желтоқсанында біз Новосібір облысының Истиким қаласында емдеуде болдық.

Өз жасушаларын ауыстыру емдеу шарасы қолданылды. Бірінші курстан кейін жақсы нәтижелер байқалды. Бұрын денесі күнделікті құрысып, дірілдейтін. Емнен кейін ол байқалмайтын болды. Осы дене құрысуы баланың ми жасушаларын өлтіретін. Сол себепті алған еміміз бізге үлкен көмек болды", - дейді Алтынай.

Енді Сұлтанның еміне 1 миллион 600 мың теңге қажет. Бүгінде тек 400 мың теңге жиналған.


"Мен баламды жалғыз тәрбиелеп отырған соң, бұл мен үшін өте үлкен сома. Қаражатты өзім жинауға шамам жетпейді. Пәтерде тұрамыз, қосымша табысым жоқ. Халықтан көмек сұрауға мұқтажбын.

Өткен жолы қажетті соманы жинауға жақсы жандар көмектескен болатын. Барлығына алғысым шексіз. Баламды емдеу үшін сіздерден қайта көмек сұраймын. Қол ұшін созсаңыздар қуанамын", - дейді Алтынай.

Көмек қолын созғысы келген жандар үшін карточка нөмірлері.:


Kaspi qold: 5169 4931 5179 4024


Qiwi: 87071617950


ИИН: 830511402717


Сондай-ақ, Алтынаймен 8(777) 803-62-21 нөмірі арқылы байланысуға болады.




Көрілген: 334    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.05.2019, 11:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31