Ұрланған тауар сатып алмас үшін не білген жөн?

16 қаңтар 2022, 19:31

Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде дүкендерден көп зат ұрланды: смартфон, ноутбук, бренд киімдер, иіссу және тағы басқа. Кейбірі мұндай тауарларды сатуға шығарып жатыр. Ұрланған тауарды қалай ажыратуға болады? Оны сатып алмас үшін не нәрсеге мән беру керек? Бұл туралы baribar.kz тілшісінің мақаласынан біле отырыңыз.

 

Тауардың құжатын сұрау

 

Oppo компаниясы сауда бөлімінің өкілі Екпін Төкештің сөзінше, кез келген адам тұрмыстық техника және электроника сатып алмас бұрын сатушыдан бұйымның құжаттарын сұрауы қажет.

 

Кез келген затты сатып алғанда фискальды түбіртек, кепіл талонын және басқа да құжатын сұрату маңызды. Ол — сатып алған заттың сіздікі екенінің дәлелі. Ал түбіртекті сақтап қоюды ұмытпаған жөн, — дейді ол.

 

Екпін Төкеш полиция ұрланған смартфон, телефондардың IMEI (халықаралық мобильді иденфикация) тізімі жарияланған сайт ашқаны жөн деп есептейді. Себебі бұл қарапайымдар адамдарға ұрланған телефондарды анықтауға көмектеседі екен.

 

Зардап шеккен дүкендер ұрланған смартфон, телефондарының IMEI (халықаралық мобильді иденфикация) тізімін полицияға өткізуіне болады. Ал полицейлер сайт ашып, ол жаққа тізім жарияласа, кез келген адам смартфон, телефон сатып алмас бұрын сол сайттан бұйымның иденфикациясын тексеріп, ұрланып-ұрланбағанын біле алар еді, — дейді ол.

 

Oppo компаниясының өкілі қазақстандықтарға кез келген затты сатып алған кезде фискалды түбіртекті талап етуді және оны сақтауды үйрену қажет екенін айтады.

 

Біріншіден, бұл мемлекетке салық түсуіне көмектеседі. Екіншіден, тауар иесі сол түбіртек арқылы заттың нақты иесі екенін сеніммен айта алады, — дейді маман.

 

Ресми сайттардан сатып алу

 

Сонымен бірге ол елдегі тәртіпсіздіктен кейін кез келген техника заттарын, бренд киім, иіссу сияқты бұйымдарды ресми сайттарынан сатып алуға кеңес береді.

 

Ресми сайттар, дүкендер заттың ұрланбағанына және сапасына кепілдік бере алады, — дейді ол.

 

Жеңілдіктерге алданбау

 

Оның айтуынша, қазір OLX сияқты қосымшаларда түрлі хабарландыру тараған. Тауарларды өте арзан бағада немесе үш затты бір бұйымның құнына сатып жатыр. Мұндай манипулциядан аулақ болған жөн.

 

OLX-тан ұрланған тауарды көргенде не істеу керек?

 

Сатушыдан түбіртек, келісімшарт, жалпы тауарды өзі сатып алғанын растайтын құжат сұраңыз;

 

Сатушының телефон нөмерін, аудан, тұрғылықты мекен-жайын, поштасын сұрап, сақтап алыңыз;

 

Күдік тудыратын хабарламаларды көргенде OLX компаниясының support@olx.kz поштасына толық ақпаратты жазып жіберіңіз.

 

Күдік тудыратын тауарды сатып алсаңыз, полиция бөлімшесіне барыңыз. Тергеу ісіне көмек беру үшін затты қалай, қайда, қашан және кімнен сатып алғаныңыз туралы толық ақпарат беріңіз.