Мәселе

"Ұрлық бар": ішкі істер министрі Арыс қаласындағы ахуал туралы айтты

  • © Photo : пресс-служба Национальной гвардии РК

    © Photo : пресс-служба Национальной гвардии РК

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арыс қаласында тәртіпті сақтау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Министрдің айтуынша, бүгінде әскери бөліміндегі өрт әлі ауыздықталған жоқ. Себебі әскери снариядтардың жарылуы тоқтамай отыр. Осыған байланысты Арыс қаласынан 41 мыңға жуық адам эвакуацияланды. 39 мыңнан астам адам өздігімен қауіпсіз жерге шығып кетті. Қазіргі кезде бес эвакуациялық бекет ашылған. Барлығы Арыстан 30-50 шақырым шалғай жерде орналасқан.


 


"Қаланың өзінде 24 өрт сөндіруші топ жұмыс істеп жатыр. Олар 19 үйде және 9 шаруашылық нысанда болған өртті ауыздықтады. Бұдан бөлек, 14 табиғи өрт болды. Далада шөп жанды", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.


Оның сөзіне қарағанда, Арыс қаласының айналасымен бірнеше блокпост қойылды. Қалада ешкім қалмады.





"Қалада тұрғын үйлердің бұзылу жағдайлары тіркелген. Сосын жарылмаған снарядтар бар. Сол себепті қалаға кіруге тыйым салынып отыр. Арыста 75 полиция наряды жұмыс істеп жүр. Негізгі мақсат – ұрлыққа жол бермеу. Соған қарамастан, қазірдің өзінде 3 адам ұсталды. Олар екі қылмыс жасады. Алдымен дүкенді тонады, сосын бір үйден мүлік ұрлады. Қаладан шығатын және кіретін көліктердің бәрін тексеріп жатырмыз", - дейді Тұрғымбаев.


Арыстағы жарылыс


24 маусым күні сағат 9.30 кезінде Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына барып, жарылыстан қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралады. Сонымен бірге президент эвакуация бекетінде тұрғындармен кездесіп, қаланы қалпына келтіруге қажетті қаражат бөлуге, барлық тиісті көмекті көрсетуге уәде берді. Мемлекет басшысы жарылысқа кінәлілердің заң жүзінде қатаң жазаланатынын айтты.


Төтенше оқиғадан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер органдары жағдайды өз бақылауына алды.


 




Көрілген: 695    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 11:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31