Мәселе

Үсік жүреді: Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

  • Үсік жүреді: Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

    Үсік жүреді: Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 14-16 мамыр күндеріне бірқатар облыста дауылды ескерту жариялады. Еліміздің кей жерлерінде дауыл болып, жауын-жашын, бұршақ жауып, үсік жүреді деп күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.  


14 мамырда Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарында жауын-шашын болып, арты жылбысқы қарға ұласады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. 14-15 мамырдың түнінде 1-6 градус үсік болады деп күтіледі.


15-16 мамырда түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.


14 мамырда күндіз Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болып, бұршақ жауады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. 15-16 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүруі ықтимал.


14 мамырда күндіз, 15 мамырда тәулік бойы Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп болжануда. 14-16 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүреді.


Нұр-Сұлтан қаласында 14 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. 15-16 мамырда түнде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.


Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз.




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.05.2019, 15:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31