Ұстау қиын болып жатыр: Атышулы "Дикий Арман" "Боратқа" іздеу салды

19 қазан 2020, 20:05

 Қылмыс әлемінде "Жабайы Арман" лақап атымен танылған қазақстандық Арман Жұмагелдиев "Боратқа" қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Жұмагелдиев аталған фильмнен хабардар болып шықты. Ол қазір "Боратты" іздеп жатқанын да жасырған жоқ.

 

"Ассаляму алейкум, қазақ халқым! "Борат" жайлы маған өтініштер көптеп келуде. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиіп жатыр. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын болып тұр. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. "Борат" жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен &ldquoсупермен&rdquo емеспін. Орыста мақал бар ғой, &ldquoОдин в поле - не воин&rdquo. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген "Боратты" тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез келген жауды жеңетінімізге сенімдімін",- деді ол.