Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұтыс ұйымдастырғандар айыппұл төлейтін болды

08 ақпан 2021, 09:50

Елордада карантиндік шектеулерге қарамай ұтыс ойынын ұйымдастырғандарға айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Оралов мәлімдеген, деп хабарлайды 24.kz.  

Еске сала кетсек, шаһардағы гүл сататын дүкен алдына екі мыңнан мың адам жиналып, соңы дауға ұласқан еді. Жаңа дүкеннің ашылуына орай ұтыс ұйымдастырылып, әлеуметтік желіде бас жүлдеге көлік тігілгені хабарланған. Мұны естіген елордалықтар Мәңгілік ел көшесінің бойына жиналып, кептеліс пайда болды. Дүкен маңына халық тым көп келген соң ұйымдастырушы тарап белгісіз себептермен ұтыс ойыны өткізілмейтінін айтқан. Бұған қарсылық танытқан жұрт ішке кіруге ұмтылды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жетіп, ұтыс ұйымдастырғандар Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Карантин тәртібін бұзған тарапқа 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.