Мәселе

"Үй болса болды, балаларымызды өзіміз баға аламыз!": Астанада көпбалалы аналар билікке талап қойып, әкімдікке барды (ВИДЕО)

  • "Үй болса болды, балаларымызды өзіміз баға аламыз!": Астанада көпбалалы аналар билікке талап қойып, әкімдікке барды (ВИДЕО)

Астанада көпбалалы аналар әкімдікке барып, өз талаптарын қойды. Азаттық тілшісі оқиға орнынан тікелей эфирге шықты деп хабарлайды "SN.KZ"


Алғашында өз талабын айта бастаған 4 балалы ана сөз сөйлеп тұрғанда әлдекім микрофонды өшіріп тастады. Кейін ата-аналар шу шығарып, қайта қостырып алды.


«Барлығы ескі үйде тұрса да аз ақша төлеп отырған жоқ. Бәрі де пәтер жалдап отыр. Басты талап - баспана», - деді көпбалалы аналардың бірі.


Тұрғындар проблемаларын сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жазбаша жазып әкеліп, оны арнайы оқып берді.


«Елбасы мырза, «Ана мен бала мемлекеттік қорғауда болады» деген сөзіңіз бар. Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы болды. Бірінші жөргекпұл ретінде әр балаға 1000 АЕК көлемінде жәрдемақы берілсін.


Әрбір 18 жасқа дейінгі балаға ай сайын 29 мың теңге төленсін.


Әр баланың анасына жалақы ретінде 49 мың теңге төленсін.


3 балалы және одан да көп отбасына, мүмкіндігі шектеулі адамдары бар отбасына баспана берілсін.


Бала 14 жасқа келгенше ана мен бала тегін емделсін.


Кәмелетке толмаған балардың ата-аналары түнгі жұмысқа шақырылмасын.


Көпбалалы отбасылар жоғарғы оқу орнына оқытылсын.


Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова отставкаға кетсін.


Осы талаптарды 7 күн ішінде орындалмаса, үкіметтің отставкаға кетуін талап етеміз», - деді олар.


Тұрғындардың арыз-талабын тыңдаған Астана қаласы әкмінің орынбасары Ермек Аманшаев ата-аналарға «айтып болсаңыздар қайтыңыздар. Проблемаларыңыз қаралады» деп кетіп қалды.


Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы 5 қыз бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған. 





Көрілген: 1094    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 13:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30