Мәселе

Үйі жезөкшелер ордасына айналған алматылықтар шу шығарды

  • Үйі жезөкшелер ордасына айналған алматылықтар шу шығарды

    Үйі жезөкшелер ордасына айналған алматылықтар шу шығарды

 Алматы тұрғындары өздері тұрып жатқан үйдің жезөкшелер ордасына айналып кеткенін айтып, шағымдануда. Олардың сөзінше, бірінші қабаттағы пәтерде жеңіл жүрісті әйелдер тұрып жатыр екен. Кешкілік уақытта ер адамдар да жиілеп келетін көрінеді. Сондай-ақ, ол аздай, үнемі ұятты дауыстар шығады. Тұрғындар тәртіп сақшыларының бәрін біле тұра, ешқандай амал қолданбай отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Үйдің тұрғындары бірінші қабаттың жезөкшелер ордасына айналып кеткенін сөз етті.


Кешкі сағат алтыдан кейін ол үйдің маңайына жолау мүмкін емес. Ең бастысы, адамдар бас қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын айтты.


"Бұл пәтерде үнемі күдікті тұлғалар жүреді. Менің бойжеткен қызым бар. Кейде кешігіп келеді, мен тысқа шығып, оны кіреберістен күтіп алуға мәжбүрмін. Қорқамын", - дейді Айғайша.

Тұрғындардың айтуынша, күн сайын кешке таман пәтерден ұятты дыбыстар мен ыңырсулар естіледі.


Олар өздері тергеу жүргізіп, пәтердің ер адамдар арасында сұранысқа ие екенін анықтаған. Сөздерінше, бірнеше айдан бері аталған үйде жеңіл жүрісті алты қыз ер азаматтарды қабылдап жүр.


"Жезөкшелікпен айналысады. Оларды С.Сейфуллин көшесін алып тастады. Енді қала бойынша тарап кетті. Бізге де маза жоқ. Үнемі ыңырсулар мен дыбыстар.

Учаскелік полицияға шағымдандық. Ол уақыты жоқ екенін айтып, өз көмекшісін жіберді. Ал ол келіп, өз ісін тындырып, кетіп қалды", -дейді үйдің тұрғыны Клара.

Тұрғындар енді жоғарғы органдарға арыздануға ниетті.


KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 2210    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.08.2019, 10:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30