Мәселе

"Үй өртегіш" Гуля бүтін бір ауылдың зәресін ұшыруда

  • https://bk55.ru/

    https://bk55.ru/

Гуля келе жатыр. Бұл тіркес қазір астана маңындағы Ақкөл жұртының жүрегін аузына тығатын сөздер. Айтуларынша сол ауылда тұратын келіншек біреумен ренжісіп қалса, бірден сол адамның үйін өртеп жібереді екен. "Үй өртегіш" деген лақап ат иемденген тұрғын осы уақытқа дейін он шақты үйдің күлін көкке ұшырған көрінеді, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

Ақкөл елордадан 112 шақырым жерде орналасқан, 14000-ға жуық халқы бар шағын қала. Қала тұрғындарын бір мәселе алаңдатып отыр. 3-4 жылды болды, Гуля келе жатыр десе, зәре құты қашады. Ол ашуланса, түн ішінде есікті сындырып кіріп, іштен от қояды. Тіпті жергілікті мекенде "үй өртегіш" деген лақап ат та иемденген.

 

Тұрғындардың сөзінше "үй өртегіш" әйел сөзге келіп қалғандарды аямайтын көрінеді. Ал Андрей есімді азаматтың баспанасына бір емес, үш рет от қойған. Бүгінде аман қалған кіре берісте түнеп жүр.

 

Андрей Коплин, Ақкөл қаласының тұрғыны:  

 

– Бірінші рет кіреберіске от қойды. Бірақ өзі өрт сөндірушілерді шақырды. Екінші рет талпынғанда менің көршілерім қуып жіберіпті. Ал үшінші рет осы қаңтарда үйді өртеп жіберді. Үйімнің сау-тамтығы қалған жоқ. Полицейлер 400 мың теңге өтейтінін айтқан. Бірақ хабар жоқ.

 

Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған көршілер таңды үреймен атырады. Жергілікті полицейлер де, әкімдіктегілер де тұсау салмай отыр деп шырылдады жиылған жұрт.

 

Несібелі Қаңқабаева, Ақкөл қаласының тұрғыны:

 

– Ешқайда тіркелмеген. Ол оказывется ауру емес. Оны сол күні апарып қамайды. Екінші күні жібереді. Неге екені белгісіз.

 

Жергілікті полиция департаменті тергеу жұмыстарының әлі аяқталмағанын жеткізді. Сөздеріне сенсек сезіктіні психо-неврологиялық диспансерге жіберген.

 

Аталған қылмыс бойынша полицияның сезіктеніп отырған тұлғасы 52 жастағы әйел адам. Осы Ақкөл қаласының тұрғыны. 8 қыркүйектен бастап, мәжбүрлі түрде психо-неврологиялық диспансерде емдеуге жіберілді. Мен қазіргі таңда ол кісіні кінәлі деп айта алмаймын. Қазір сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Күдікті былтыр да бүтін бір үйді өртегенін толық мойындаған. Алайда сот үкімі 3 жылға шартты түрде ғана бас бостандығынан айырыпты. Бәрі заң аясында шешілді деді жауаптылар. Ал біз жапа шеккендерге әкімдік тарапынан қандай көмек көрсетілетіні жайында анықтап білдік.

 

Анатолий Хрип, Ақкөл қаласының әкімі:

 

– Жапа шеккен тұрғынға көмек ретінде біздің тараптан 150 мың теңге беріледі. Қазіргі таңда шығын мөлшерін есептеу жұмыстары жүргізілуде. Үйдің толық жөндеу жұмыстарының шығынын өтеу үшін бюджеттен арнайы ақша бөлінбейді. Демеушілердің көмегіне жүгінеміз.

 

"Үй өртегіш" әйелдің неліктен мұндай әрекетке баратынын ешкім білмейді.

 

Ал психологтар мұны бала күнгі психологиялық соққымен байланыстырады.

 

Индира Әшімхан, психолог:

 

– Мұндай іс-әрекеттер адамның психикалық ауытқуына байланысты болады. Бір рет, екі рет емес, төрт реттен көп қайталанып жатса онда ол адамның басында одан басқа іс-әрекеттің жолы жоқ деген сөз. Мүмкін әрине балалық шақта бірдеңке болған шығар. Бірақ оның неден басталғанын зерттеу керек.

 

Түн ұйқымызды ұрлаған Гүля диспансерден шыққан соң тағы ауылдың шырқын бұзбай ма деп уайымдап отыр ақкөлдіктер. Ал жапа шеккен азаматтардың шығынын, әкімдік демеушілер арқылы өтеуге тырысамыз деп уәде етті.




Көрілген: 1624    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 15:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31