Мәселе

Үй салуға тыйым салынады: ІІМ өзенге жақын маңдағы үй мәселесі жайлы айтты

  • Үй салуға тыйым салынады: ІІМ өзенге жақын маңдағы үй мәселесі жайлы айтты

    Үй салуға тыйым салынады: ІІМ өзенге жақын маңдағы үй мәселесі жайлы айтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин су тасқыны қаупі бар өзендердің маңында салынған үйлердің көшірілуіне қатысты түсінік берді. 


«Суды қорғау аймақтары бойынша жағдай күрделірек. Әрбір су қорғау объектісі үшін кез келген тұрғын немесе тұрғын емес ғимараттардың құрылысына тыйым салынған жерде су қорғау белдеулері орнатылады», - деді спикер төтенше комиссияның брифингінде.


Ильин бұл мәселе 2015 жылы Алматыда болған жойқын селден кейін байыпты қаралғанын атап өтті.


Барлық үй шаруашылығын алып тастау жергілікті және республикалық бюджет есебінен үлкен капиталды шығындарды қажет етті, бұл жүргізілген Қарғалы өзенін нығайтуға кеткен шығындармен салыстыруға келмеді.


«Бөгеттің өткізу қабілеті секундына 10 текше метр суды құрайды. Өзен секундына 20 текше метр суды екі есе беруді ескере отырып жасалды. Сондықтан су объектілеріне іргелес жатқан аумақтардан үй шаруашылығын сатып алу және шығару өте қымбат болатыны анық болды», - деп түсіндірді ол.


Ильиннің айтуынша, су тасқыны басталған кезде бұл проблема өзекті болып қала береді.


«Мен тек Алматы туралы ғана емес, басқа да аймақтар туралы айтып отырмын. Әкімдіктерге су қорғау аймағында жаңадан салынып жатқан нысандарға жер бөлуге тыйым салуды тапсырды», - деп түсіндірді Ильин.


Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары болашақта мемлекеттегі экономикалық жағдай мүмкіндік берген кезде, әлеуметтік мәселелер шешілген кезде олар үйді су қорғау аймағынан сатып алу және шығару үшін осы мәселеге қайта оралатынын айтты.


2015 жылдың 23 шілдесінде Алматыда қатты сел болды. Қалада төтенше жағдай режимі енгізілді. Наурызбаев, Әуезов және Алатау аудандарындағы жеке үйлерге зақым келді. Зардап шеккендер жоқ.


Селдің салдары бірнеше ай бойы жойылды.




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.08.2019, 15:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31