Мәселе

Үй сұрап, телевидениеге келген көпбалалы анаға екі пәтердің кілті табыс етілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Qazaqstan» арнасындағы «Niet» бағдарламасында көпбалалы анаға екі баспана сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бес балалы жалғызбасты ана, екінші топтағы мүгедек Зүлфия Жұмабаева бағдарламаға көмек сұрап хабарласқан. Оның паналайтын тұрақты баспанасы болмаған.


«Осыған дейін демеушілердің, қайырымды жандардың көмегімен күн көріп жатырмыз. Балалардың күнделікті қажеттілігін зейнетақыға аламын. Мұқтаждығымыз – тек баспана», - деген көпбалалы анаға тікелей эфирде Астана маңындағы Қоянды ауылының тұрғыны хабарласып, екі бөлмелі пәтер сыйлайтынын айтты. Бұл бағдарлама ұжымы үшін де, көмек сұрап келген көпбалалы ана үшін де күтпеген жағдай болды. Одан бөлек, «Қарекет» қайырымдылық қорының өкілдері үш бөлмелі баспананың кілтін табыстады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


Сонымен бірге, екі сағат тікелей эфирде жүретін бағдарламаға 80-ге жуық адам қоңырау шалып, Зүлфия Жұмабаеваға қаржылай көмек ұсынды. Эфир барысында көпбалалы ананың денсаулығына медициналық тексеріс қажет екені айтылған. Бұл мәселені «Niet» жобасының сарапшылар құрамындағы мамандар назарға алмақ.


Айта кетейік, күзгі телемаусымда «Qazaqstan» Ұлттық арнасы әлеуметтік бағыттағы «Niet» бағдарламасын көрермен назарына ұсынды. Тікелей эфирде өтетін әрбір хабар белгілі бір адамның, отбасының мәселесіне арналып, арнайы сарапшылардың ақыл-кеңесімен шешімін табады.


 




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 17:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30