Мәселе

«Үйім шылқып жатыр»: Атырауда мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алғандар шу шығарды (ВИДЕО)

  • «Үйім шылқып жатыр»: Атырауда мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алғандар шу шығарды (ВИДЕО)

    «Үйім шылқып жатыр»: Атырауда мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алғандар шу шығарды (ВИДЕО)

Айта кетсек, №33 үйдегі барлық пәтер екі мемлекеттік бағдарлама бойынша 16 жыл мерзімге жеңілдетілген ипотекамен берілген.

Атырауда былтыр "Нұрлы жер" және "Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламалары бойынша баспана алған "Береке" шағын ауданындағы №33 үйдің тұрғындары жанайқайын жеткізді.

"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, тұрғындардың пәтерлері кәріз құбырларынан шыққан лас суға толып кеткен. Тұрғын үйдің ауласына жиналып, шу шығарған жергілікті тұрғындар қала әкімдігінің қызметкерлерін шақырып, шағымын айтты.

"Қазір менің үйімді кім тазалап, жинап береді? Үйім шылқып жатыр. Бірінші қабатта", "Бір-біріне сілтеп тұр, ешкім ештеңе білмейді. Сонда кім шешеді?", "37 пәтер, ваннаны қараңыз, су кетіп жатыр" деседі ашуға мінген тұрғындар.

Айта кетсек, №33 үйдегі барлық пәтер екі мемлекеттік бағдарлама бойынша 16 жыл мерзімге жеңілдетілген ипотекамен берілген. Енді жаңа ғимараттың кәріз жүйесінен қандай да бір себептермен ақау шығып отыр.

"Кәріз жүйесі жұмыс істемейді. Жуынатын бөлме мен дәретханадан лас су сыртқа ағып жатыр. Ол жерде қандай жағымсыз иіс бар екенін елестетіп көріңіз. Қалалық әкімдікке бірнеше рет хабарласқанымызбен, түк шықпады. Біздің қандай қиын жағдайға тап болғанымызды ешкім түсінгісі келмейді", - дейді тұрғындардың бірі Әсел Ысқақова.

"Өз нәжісімізге бататын болдық", - дегенді қосты оған келесі тұрғын Гүлайым Мәмбеталина.

Басылымның жазуынша, бірінші қабаттағы жертөлелер мен кейбір пәтерлерді расымен жағымсыз иісі мүңкіген су басып жатыр. Тұрғындар лас судың неге сыртқа ағып жатқанын түсіне алмай дал.

Тұрғындардың шағымын тыңдауға келген қалалық құрылыс бөлімінің маманы болса, бұл проблеманы бірінші рет естіп отырғанын алға тартты. Ол жұртты өздерінің бұл жайтқа қатысты "шара қолданатындарына" сендірді. Тұрғындар ештеңе шешілмесе, қала әкіміне дейін баратындарын ескертіп тарқасты.

sn.kz




Көрілген: 1816    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 22:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28