Мәселе

Үйін жылан жайлаған Алматы облысы тұрғыны елден көмек сұрады

  • http://kniga-snow.ru/

    http://kniga-snow.ru/

Айтуынша, бес жылдан бері тұрып жатқан үйінің асты толған жылан. Жалғызбасты ана Гүлмира Үмбеталиева соңғы күндері тіпті күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғанын айтқан, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.


Алматы облысының тұрғыны Гүлмира Үмбеталиеваның күні мен түні ауысып кеткендей. Жыландар мен егеуқұйрықтардың дыбысынан ұйықтауға мүмкін емес деген оның әрбәр таңы арпалыспен ататын көрінеді. Үйіндегі жыландардың бөлшектенген денесін көргенде балалар бұл баспанада қалай тұрып жатыр деген сұрақ туады. Күйеуінен жесір қалып, осыдан 10 жыл бұрын Гүлмира мен оның баласы көлік апатына түсіп мүгедек болып қалған. Бұл үйді аудандық мәслихаттың депутаты уақытша пайдалануға беріпті.


Гүлмира Үмбеталиеваның жағдайын ауыл түгіл, аудандағылар жақсы біледі екен. Биылғы жылы үйіне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп берген көрінеді. Ал баспана мәселесі бойынша сұраққа ауыл әкімі терең күрсініп, қинала жауап берді.


«Спонсорлық көмек арқылы шешеміз. Себебі ауыл әкімшілігінің тарапынан бізде үй болмағандықтан, біз оған баспананы бүгін-ертең береміз деп айта алмаймыз», - деді КазЦИК ауылдық округінің әкімі.


Әкім көмек береміз дегенімен қашан екенін айтпады. Ал алда суық қыс пен қатты аяз келе жатқандығы тағы бар.


 




Көрілген: 3904    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.11.2019, 15:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31