Мәселе

Үйіне қайту үшін өтірік айтқан: Қазақстанда 20 жыл құлдықта болған Ресей азаматының оқиғасына қатысты жаңа деректер пайда болды

  • Үйіне қайту үшін өтірік айтқан: Қазақстанда 20 жыл құлдықта болған Ресей азаматының оқиғасына қатысты жаңа деректер пайда болды

    Үйіне қайту үшін өтірік айтқан: Қазақстанда 20 жыл құлдықта болған Ресей азаматының оқиғасына қатысты жаңа деректер пайда болды

Ресей азаматы Алексей Котов Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт құлдықта болып, 18 қарашада туған еліне оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “72.ru” басылымына сілтеме жасап.

Барлығы осыдан аз уақыт бұрын интернетте құлдықта жүрген Алексейдің Ярославль облысының Горе-Грязь ауылының тұрғыны екенін айтып, оны құтқаруды өтінген видеохабарламасының пайда болуынан басталған.

“Ана, әке, көмектесіңіздерші, 20 жыл тұтқында болдым, мүмкіндіктеріңіз болса, Қазақстаннан кетуге көмектесіңіздерші", – деп көмек сұрады ер адам.

 
Оны туыстары жазбай таныған. Олар көрші Поповка ауылының тұрғыны, Ярославль муниципалитетінің депутаты болып жұмыс істейтін Дмитрий Соколов есімді таныстарынан көмек сұраған. Депутат көмектесуге уәде берген.

Соколов Бірінші арнадағы достарына қоңырау шалады, олар оған Сыртқы істер министрлігі мен Федералды құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен байланысуға көмектеседі. Осыдан соң, олар бірге Қазақстанға ұшып келеді.

"Қазақстанда Ресеймен бірлесіп жұмыс істейтін консул және полиция полковнигімен кездестік", - дейді Поповка ауылының тұрғыны Дмитрий Соколов.  

Осы уақытта тергеу тобы Алексей бейнежолдауында айтқан аймаққа барған. Ер адамды іздеу арнайы жасақтың көмегімен жүзеге асқан. Олар осыдан 23 жыл бұрын іс-түссіз жоғалған адамды тапқандарын хабарлады.

Алексей Котов пен Дмитрий Соколов Қарағандыда кездесті. Ол жерде "құлдықта өмір сүрген" ер адамның туған еліне оралуы үшін құжаттары рәсімделе бастады.

Осы жылдар бойы Алексей Котов шағын ағаш үйде тұрып келген. Тұрмыс жағдайы нашар болған. Өзінің айтуынша, оны азды-көпті тамақтандырып тұрған, ұрып-соқпаған, азаптамаған, тіпті еңбегі үшін азын-аулақ ақша төлегенін де айтады.  Алексей шопан болған.

"Ол қашуға тырысқан, бірақ қашу мүмкін болмаған. Айналасы жазық дала, оның үстіне құжаты да жоқ. Кейде-кейде қолына тиетін ақшасы шамалы.  Осы фермада жұмыс істейтін досы екеуі бірнеше рет қашып кетпек болған, бірақ оларды ұстап алып, қайта алып келген”, – деді Дмитрий Соколов.  

Алексей Котов Қазақстан полициясына ешқандай құлдықта болмағанын және фермада өз еркімен жұмыс істегенін айтты.

"Ресей Федерациясы консулдығы қызметкерлерінің қатысуымен жауап алынған Котов шаруа қожалығының аумағында өз еркімен болғанын және жұмыс істегенін, ұялы телефонды пайдаланғанын және кез келген уақытта шаруа қожалығынан кетуге мүмкіндігі болғаныны туралы түсініктеме берді”, - деді. полиция өкілі.  

Котов шаруа қожалығының иесіне қарсы  мәлімдеме беруден бас тартты және оған ешқандай арызы жоқ екенін мәлімдеді. Ол елге қайту үшін жалған сөйлегенін мәлімдеген.

Белгілі болғандай, ол өтірік айтуға мәжбүр болған. Бұл әрекетке Алексей үйіне тезірек оралу үшін барған. Әйтпесе қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып, Қазақстаннан шығуына тыйым салынуы мүмкін еді. Алексей үйіне ұшып үлгерді. 18 қараша күні таңертең Дмитрий Соколовпен бірге Мәскеу әуежайына қонды. 

Алексей Котов 1995 жылы әскерге кеткен. Отан алдындағы борышын Қазақстанда өтеу туралы бұйрық алған. Әскери борышын өтеген соң келісімшарт бойынша қызметте қалады. 1998 жылы ол үйіне қайтуды жоспарлаған, бірақ барлығы ол ойлағандай болмады. Жол апатынан кейін ауыр жарақатпен ауруханаға түсіп, ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде жатады.  Ауруханадан үйіне хат жазған. Бірақ содан кейін із-түссіз жоғалып кеткен.




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 02:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31