Мәселе

«Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін өле бастайды». Осындай мәтіндегі видео тарады

  • https://informburo.kz/

    https://informburo.kz/

Қазақстандықтар Telegram чаттарда осындай мазмұндағы видеоны талқылауда. Теорияға сәйкес, коронавирусқа қарсы вакциналар инъекция жасалғаннан кейін жарты жыл өткен соң реципиенттердің ішкі мүшелерін жей бастайды. Ал өлім-жітімнің күрт өсуін «мутацияланған вирустың өршуі» деп айтады. Мұның бәрі &ndash жалған деп хабарлайды stopfake.kz.

 

 

Біріншіден, бұл теорияны ойлап тапқандар алғашқы сынақ басталған сәттен жарты жыл өткенін ескермей отыр. Атап айтқанда, алғашқы еріктілерге Pfizer препараты 9 айдан астам уақыт бұрын &ndash 2020 жылғы 5 мамырда егілген.

 

Moderna өз вакцинасын сәл кейінірек &ndash 2020 жылғы шілде айында сынай бастады. 2021 жылғы 28 қаңтарда бұл препараттың алғашқы инъекциясының еріктіге жасалғанына жарты жыл болады.

 

Ресейлік «Спутник &ndash V» вакцинасының клиникалық сынақтары алты айдан астам уақыт бұрын басталған &ndash 2020 жылғы 16 маусымда.

 

Клиникалық сынақтарға алғашқы қатысушылар арасында өлім деңгейінің күрт артуы немесе ішкі ағзалардың бұзылуына байланысты оларды жаппай ауруханаға жатқызу туралы хабарланған жоқ.

 

Екіншіден, ғалымдардың болжамынша, қолданыстағы вакциналар мутацияланған SARS-CoV-2 вирусына да қарсы тиімді болады.

 

Егер мутация өте тез және ауыр болса, онда препараттар жасалған РНҚ платформасының арқасында қысқа мерзімде жаңа вакцина әзірлеу мүмкін болады.

 

Осылайша, вакциналардың «кейінгі әсерлері» мен екпе жасалғаннан кейін жарты жыл өткен соң ішкі ағзалардың бұзылуына әкелуі мүмкін екендігі туралы қауесет дәлелденбеген. Препараттардың алты айдан астам уақыт бұрын басталған клиникалық зерттеулері бұл теорияны жоққа шығарды.

 

 

 




Көрілген: 4168    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31