Мәселе

«Вакцина салдырғандарға жеңілдіктер қарастырылған» - Алексей Цой

  • «Вакцина салдырғандарға жеңілдіктер қарастырылған» - Алексей Цой

    «Вакцина салдырғандарға жеңілдіктер қарастырылған» - Алексей Цой

Сонымен қатар, министр вакцина салдырғандардың қай санатынан ПТР тест нәтижесі талап етілмейтінін айтты.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырғандар үшін кейбір шектеулер алынып тасталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz

Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен көптеген жеңілдіктер қарастырылуда.

"Вакцина салдырғандар қатарының өсуіне байланысты, Қазақстанның бас санитары шығарған қаулыға сәйкес, вакцинаның екі компонентін де алған азаматтар үшін бірқатар шектеу алынып тасталды. Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алғандар Қазақстан азаматтары және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты барлар әуе қатынасы арқылы ПТР тестінсіз Қазақстан аумағына кіре алады, медициналық-әлеуметтік нысандарға бара алады, облыстық командаларды дайындау үшін оқыту-жаттықтыру жұмыстарын жаңғырта алады", - деді Алексей Цой.

Сонымен қатар, министр вакцина салдырғандардың қай санатынан ПТР тест нәтижесі талап етілмейтінін айтты. 

"Вахтаға келген қызметкерлерден, медициналық-әлеуметтік мекемеде рәсімдеу және емделуге жатқызу кезінде науқастардан, мерзімді әскери қызметке шақырылғандардан және мерзімді әскери қызметтен кейін демобилизацияланғандардан, ҚАЖ мекемелеріне түскендерден, топтасқан ұжымдарға баратын адамдардан, ауруға байланысты жұмыс орнында болмаған немесе демалыс, іссапардан келген медицина қызметкерлерінен, тәжірибе алдында медициналық ЖОО мен медицина колледжі студенттерінен ПТР тестілеу нәтижелері талап етілмейді", - деп мәлімдеді министр.




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 11:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31