Мәселе

"Вакцина салдырмағандарды базарға кіргізбей жатыр": Қызылорда облысының әкімдігі желіде тараған видеоға түсініктеме берді

  • "Вакцина салдырмағандарды базарға кіргізбей жатыр": Қызылорда облысының әкімдігі желіде тараған видеоға түсініктеме берді

Қызылордада базарға коронавирусқа қарсы екпе салдырмағандарды кіргізбей жатыр. Әлеуметтік желілерде осындай ақпарат пайда болды. Облыстық әкімдік видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде жарияланған видеодан бір топ адамдар кезекте тұрғанын көруге болады."Базарды жауып тастады. Вакцина салсын дейді", - деді видео авторы. 

Қызылорда облысының әкімдігі базарға вакцина салдырмағандарды кіргізбеу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Қазіргі уақытта қалалық емханаларда вакцинациялау үшін мобильді топтар құрылды. Сондай мобильді топтардың бірі бүгін Қорқыт Ата сауда үйінде вакцинация жүргізді.

Бұл вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Айта кету керек, вакцинация алдында міндетті медициналық тексеру жүргізіледі.

Сонымен қатар, біз "вакцинасыз базарға кіруге болмайды" деген ақпарат жалған екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта сатып алушыларда еркін сауда жасауға барлық мүмкіндіктер бар", - деп мәлімдеді ведомствода.




Көрілген: 817    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.05.2021, 11:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30