Мәселе

Вакциналар «соғысы» адамзатты ақырзаманға алып баруы мүмкін

  • Вакциналар «соғысы» адамзатты ақырзаманға алып баруы мүмкін

    Вакциналар «соғысы» адамзатты ақырзаманға алып баруы мүмкін

АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда «соғысы» біртіндеп саябырсып келе жатқанда, жағдай мүлде басқа арнаға ауысып кетті. Ойламаған жерден коронавирус пайда болды да, әлемді аз уақыттың ішінде астаң-кестең етіп жіберді. Экономика, мұнай өндірісі, қаржы нарығы, әлеуметтік сала – бәрі де дағдарысқа түсті. Әлем елдері жаппай вирустан құтылудың, сақтанудың жолын қарастыруда. Вакцина өндіретін елдер ол үшін мол қаржы бөліп, ғылыми-зерттеу жұмысын барынша қолдап отыр.

 

Әлемде вакцина өндірісі – аса табысты саланың бірі. Мысалы, халықаралық «Allіance­Bernsteіn» активтерді басқару компаниясының жазуынша: «Вакциналар нарығы соңғы жиырма жыл ішінде алты есе өсіп, қазіргі коронавирусқа байланысты құны 35 миллиард АҚШ долларына жеткен. Әлем бойынша осы табысты саланың 85 пайыздық үлесін небәрі 4 ірі корпорация ұстап отыр. Олар: ағылшындық «GlaxoSmіthKlіne», франциялық «Sanofі» және АҚШ-тың алпауыт компаниялары «Merck» пен «Pfіzer».

 

Қытай әлемдік нарықта көптеп вакцина өндіретін өндіріс орындары болғанымен, нақты, өзінің зияткерлік құқығымен жасаған төл вакцинасын алғаш рет 2013 жылы қазан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекітуінен өткізген. Үндістан мен Қытай қазіргі кезде вакцина өндірісі дамып отырған елдер саналады.

АҚШ алғаш болып 16-наурыз күні дайындаған вакцинасын 18-55 жас арасындағы 45 дені сау еріктілерге салу жұмысын бастады. Қытай ертесіне – 17-наурыз күні вакцина дайын болғанын және оның Эбола вирусына қарсы жасалған вакцина негізінде жасалғанын, әрі өздерінің төл өнімі екенін, сондай-ақ қауіпсіз, сапалы өнім екенін жариялады. Алайда вакцина жасаған Қытай мамандары «АҚШ-тың вакцинаны бірден адам денесіне салуы асығыстық болды, алдымен жануарларға салып, сынап көру керек еді», – деген ойларымен бөлісті.

 

Вакцина жасауға АҚШ 60 күндей уақыт жұмсаса, Қытай 50 күн шамасында уақыт жұмсаған екен. Байқап қарасаңыз, екі ірі ел арасында бәсекелестіктің тек экономика саласында ғана емес, ғылым мен техника, әскери-медициналық сала бойынша да жоғары деңгейде екенін көруге болады.

 

Вакцина жасау саласына біз онша мән бермегенімізбен, дамыған елдер арасында ғылым мен білімнің, жоғары техниканың, мемлекет қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздік секілді толып жат­қан салалар бойынша барынша маңызды әрі бәсекелестігі жоғары сала. Себебі ол көп қаржыны, жоғары технологияға негізделген ғылыми-инновацияның, халықаралық маркетинг пен менеджменттің болуын талап етеді. Бұл талаптардан кез-келген елдің шығуы қиын. Сол үшін онда бәсекелестер көп емес. Бір сөзбен айтқанда, монополияланған сала деуге болады.

 

«Бернштейннің» (AllіanceBernsteіn) жазуынша, дамушы 94 елге салынған әрбір АҚШ доллары вакцина инвестициясының қайтарым табысы – 44 АҚШ долларына тең екен. Бұл саланың осындай табысты екенін «Merck»-тің вакцинация бизнесі 2019 жылы 8,4 миллиард АҚШ долларын құрайтын табыс әкелгенінен, әрі сегмент жыл сайын 9 пайыздық деңгеймен өсіп келе жатқанынан көруге болады.

 

Ал шын мәнінде жыл сайын жаңа вирус пайда болып, адамдар ауруға шалдығып жатыр ма, жоқ әлде ақшаға құныққандар өздері вирус жасап, соны таратып, вакцинасын сату арқылы қалталарын барған сайын қалыңдатып отыр ма, оны бір Құдай біледі.

 

Алпауыт мемлекеттер арасындағы экономикалық, қаржылық және әскери қару-жарақ секілді барлық бәсекенің түбінде ғылым мен білімдегі бәсекелестік жатыр. Білім және ғылым саласында дамыған елдер басқа сала бойынша да дами алатыны белгілі. Мен не үшін «Вакцина «соғысы» – адамзаттың ақырзаманы деп айтып отырмын? Себебі адамның ауруға қарсылық қуаты және оның вирустармен ауыруының бәрі де ген ерекшеліктеріне ие. Адамның генетикалық ақпараты әр жасушада сақталған. Сондықтан біздің дене ағзаларымыздың бір ғана жасушасы арқылы бүтіндей сол ағзаны жасап шығуға болады. Мысалы, өкпенің бір тал сау жасушасы болса, адам өкпесін қайта жасауға болады деген сөз. Сондықтан кейбір мемлекеттер өз азаматтарының «гендік қоймасын» жасап жатыр. Гендік қойма (қор) – сол елдегі адамдардың қанына түрлі медициналық талдау жасау арқылы алынған, азаматтардың жалпы медициналық, биологиялық, гендік ақпараттарының сақталған базасы. Бұл қойма мемлекеттің басқару құрылымы үшін де, медицинасы үшін де аса маңызды. Алайда аса қатерлі тұсы – егер тек бір ғана ұлтты жоюды мақсат ететін болса, нысанаға алынған ұлттың гендік ерекшеліктерін сол гендік қордағы мәлі­меттер арқылы тауып алып, тек соларға ғана жұғатын вирусты ойлап таба алады. Бұл айтыл­ғандар қазіргі заманғы ғылым саласында «CRІSPR технологиясы» деген атпен белгілі болжамдар мен теориялар. Әлі нақты өмірде іске аспаған дүниелер. Алайда адам баласының жалпы мейірімнен алшақтап бара жатқанын ескерсек, күндердің бір күні осындай вирустардың да жасалып, оның мақсатты түрде таратылуы да әбден мүмкін.

 

Бүкіл әлемнің есін алған мына COVІD-19 вирусының шығу тегі де әлі белгісіз. Қытай соңғы кездері оны АҚШ-тан көрсе, АҚШ оны бірден Ухань вирусы атап, тікелей Қытайдың өзінен шыққанын айтып отыр. Аталмыш вирус алғашында жарқанаттан таралды делінсе, кейін Ухань қаласындағы вирусты зерттеу институтынан таралды деген дақпырт, соңынан Қытайдың биохимиялық қару жасау барысында байқаусызда «шығып» кеткен вирус деген алып-қашпа әңгімелер айтылып, жазылып жатыр. Біз шын мәнінде бұл вирустың қайдан шыққанын білмей отырмыз. Бұл тарихта кем кездесетін індет. Болашақта әлдебір ел немесе есерсоқ басшылар белгілі мүдде үшін –өзгені жоқ қылуды көздеп вирус өндіріп, оны таратып жатса, әлемнің ақырзаманы сол емес пе?

 

Сөз соңында жағымды ақпаратпен бөлісе кетейін, Қытайдың әскери сайтының мәліметінде соңғы күндері Ухань қаласында бірде-бір жұғымдалу жағдайы тіркелмеген. Көрші елдегі жағдай қалпына келе бастаса, біздің елде де бұл індет ұзаққа созылмас. Оның үстіне елімізде Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіп­сіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты COVІD-19 вирусына қарсы вакцина жасау бойынша бірлескен жұмысты бастады. Бұл да еліміздің ғылым саласындағы бір жетістігі.

 

Қастер САРҚЫТҚАН,

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұстазы.

www.zamana.kz




Көрілген: 765    Пікірлер: 0

сенбі, 04.04.2020, 12:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30