Мәселе

Ветеринария саласын күшейтудің орнына құрдымға жіберу кімге тиімді?

  • Ветеринария саласын күшейтудің орнына құрдымға жіберу кімге тиімді?

    Ветеринария саласын күшейтудің орнына құрдымға жіберу кімге тиімді?

Malika Abdaliewa  facebook.com парақшасынан 

Қайдан құлақ шығарса, қазаншының өз еркі дегендей, осы министрліктің бірін жауып, екіншіге қосу деген нені білдіреді???
Анау мынау емес, адам өмірімен тығыз қатынастағы яғни ветеринария саласын күшейтудің орнына құрдымға жіберу кімнің жеке мүддесі екен?
Малы аманның - жаны аман деп қазақ халқы бекер айтпаған.
Халқымыздың дастарханы, той-думаны- қазы-қарта, жал-жая, мол ет, қымыз-қымыран, айран-сүт пен құрт-майсыз өтпейтіні ақиқат.
Өзіңізге белгілі, мұндай ауыл шаруашылығы өнімдері бұзылуға аса бейім және тек балғын күйде сатылуы қажет. Ескірген немесе бүлінген ауыл шаруашылығы өнімі адам денсаулығына қауіп тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, «сібір жарасы», «бруцеллез» немесе «құтыру» ауруына ұшыраған немесе ауырып өлген ауыл шаруашылығы жануарларының өнімдерін (ет, сүт т.б.) ішкі сауда орындары, базарларға түскен жағдайда, ондай өнімді тұтынған адам лезде ауырып, аталған ауруды тасымалдаушы, тарқатушы болып, өзі қатынасқан өзге адамдарға жұқтырып, эпидемияға айналуы да ықтимал.
Мұндай аурулар зоонозды, яғни, адам мен малға ортақ аурулар. Ауыл шаруашылығы жануарларына жұққан жағдайда, бұл үлкен экономикалық шығын алып келері ақиқат.
Мәселен, «сібір жарасы» ауруынан өлген малды орнынан қозғамай өртеп, орнын бетондап, қоршап, жүз жылға қорғау аймағы деп белгілейді, себебі, оның қоздырғышының белсенді болу уақыты жүз жылға сақталады.
Ал, адамға жұққан «бруцеллез» ауруы толығымен жазылмайды және өмір бойына қанында сақталады. Сонымен қоса, адамда бруцеллез ауруы қозған жағдайда, белсіздікке ұшырататын аса қауіпті ауру.
Бруцеллезбен ауырған мал тек санитариялық сойылып, етін өңдеген жағдайда ғана тұтынуға жарамды болады. Яғни, ветеринариялық қауіпсіздік – мемлекеттің, ұлттың қауіпсіздігі деп нақты айта аламыз.
Осындай жағдайларды ескермеген ведомствалық жүйені қалай түсінеміз???
Бұл орталық жеке тұрғыда ғана бақылаумен қатар жүйелі қызметті атқармай ма?
Вице министр Шайманованың ҚР АШМ ведоствалық органы ВБжҚК оның аумақтық инспекцияларын және ЖАО ветеринария басқармаларын “қысқартамызы” қай сасқаны!??? ДОҒАРЫҢЫҢЫЗДАР!!!
Біз-ҚАЗАҚПЫЗ! Біз-МҰСЫЛМАНБЫЗ!
Қытай сияқты құрт-құмырсқа, африканың жабайы тайпасындай, маймыл мен крокодил жей алмаймыз! Ойланыңыздар!
#ҚР_ауыл_шаруашылығы_министрлігі
#министр__СҚ_Орманов
Сенаторлар
#Әли_Бектаев
#Ақылбек_Күрішбаев
Ветеринария қауіпсіздігі-ұлт қауіпсіздігі!!!
P:S қолдап жіберіңіздер, репост, пікір болсын!




Көрілген: 862    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 17:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30