Мәселе

Вирус жұқтырғандар көбейіп жатыр: Нұр-Сұлтанның бас санитары үндеу жасады

  • Вирус жұқтырғандар көбейіп жатыр: Нұр-Сұлтанның бас санитары үндеу жасады

    Вирус жұқтырғандар көбейіп жатыр: Нұр-Сұлтанның бас санитары үндеу жасады

Бүгінде жедел жәрдем қызметіне күніне 1561 қоңырау түседі, оның ішінде орта есеппен 14-і коронавирус бойынша шақырылады. Елордада қазан айының басынан бері коронавирус жұқтырғандардың артқаны байқалады. Соңғы аптада COVID-19 жұқтыру 1,3 есе немесе 27%-ке өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, соңғы жеті күнде репродуктивті сан бірліктен асып, бүгінде 1,12-ні құрады.

"4 қарашадағы жағдай бойынша астанада коронавирус инфекциясын 14 709 адам жұқтырды. Олардың 9030-ы &ndash симптомды, 5679-ы &ndash симптомсыз. Қаланың сырқаттанушылық көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен 2,1 есе жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 1273-ті құрады", - деді Пірәлиева.
Ал COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққандар саны қазіргі таңда 596 адамға жетті. Соңғы бес аптада күніне 5 жағдай тіркелуде.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, бүгінде Нұр-Сұлтанда 1020 төсек-орны бар жеті аурухана жұмыс істеп тұр. Оларда коронавируспен 85 және пневмониямен 29 науқас жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның тағы бір облысында блок бекеттер қойылады

Жедел жәрдем қызметі күніне 1561 қоңырау қабылдайды. Оның ішінде орта есеппен 14-і коронавирус бойынша түседі.

Әкімдіктің мәліметінше, елордада КВИ бойынша биоматериалдар сынамасын алуға арналған 15 зертхана бар.

Стационарлар жасанды тыныс алдырту аппараттарымен, 19 компьютерлік томографпен, 27 рентген аппаратымен, 500-ден астам оттегі концентраторымен және 1584 оттегі нүктесімен толық жабдықталған.

Сонымен қатар, қосымша үш оттегі резервуары, 601 флуометр, 500 көпфункционалды медициналық төсек-орын, 2 жылжымалы рентген кешені, 6 рентген аппараты сатып алынды.




Көрілген: 848    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.11.2020, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 23:18
    Тазалықтың 7 ережесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31