Мәселе

"Вирус мутациаланды": Алматы әкімінің орынбасары қала тұрғындарына үндеу жолдады

  • "Вирус мутациаланды": Алматы әкімінің орынбасары қала тұрғындарына үндеу жолдады

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров "вирустың мутацияланғанын" атап өтіп, Алматыдағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ержан Бабақұмаров 65 жастан асқан қарттарды үйде болуға және өздерін қорғауға шақырды.

 
"Егде жастағы адамдар арасында инфекцияның өсуі байқалады, жұқтырғандар арасында 33 пайызды құрайды. Олар ауыр түрде ауырады және, өкінішке қарай, осы жас санатында өлгендер саны көп. Қазір вакциналар мен дәрі-дәрмектер жоқ. Вирус, кейбір мәліметтер бойынша, Еуропада мутацияға ұшырады", - деп жазды ол.

Кейінірек әкімнің баспасөз қызметі Алматыда ыстықты түсіретін препараттардың жеткілікті мөлшерде бар екенін атап өтті.

Бабақұмаровтың сөзіне қарағанда, алматылықтардың басым бөлігі коронавирусты жұмыста және көппәтерлі үйлердің кіреберістері арқылы жұқтырады.

"Шамамен 44 пайызы дәл осылай жұқтырады. Сондықтан олар жұмыста өздерін қорғауға, маска режимін, гигиенаны сақтауға, үйге келгенде қажетті құралдармен өңдеуге тиіс. Ережелер белгілі, олар барлық жерде қайталанады. Сондай-ақ, кәсіпорын басшылары жағдай жасап, өз қызметкерлерінің жұқтыруына жол бермеуі керек.

Инфекцияның 18 пайызы кіреберістер арқылы жұғады. Сондықтан көппәтерлі үйлердің тұрғындары мен ПИК-тен кіреберістердегі санитарлық-эпидемиологиялық тазалауды қадағалауды сұраймыз. Ол инфекцияның алдын алу үшін қажет. Бүгінгі таңда инфекциялардың шамамен 18 пайызы лифттер мен кіреберістерде кездеседі. Ұстайтын жерлерді, есік тұтқаларын және тағы басқаларды күніне бірнеше рет хлормен өңдеу қажет", - деп түйіндеді ол.




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 13:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2020
    Сиыр жылына шолу
    28 Желтоқсан 2020
    ТАЗА САЙЛАУ ТУРАЛЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31