Мәселе

Вице-министр 42 500 теңге үшін қулық-сұмдық жасағандар туралы айтты

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

42 500 теңгеге 8 миллионнан астам адам өтініш берген. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Ресми мәліметке сәйкес, әлеуметтік төлем алуға 8 миллионнан астам өтініш түскен. Соның ішінде 4,6 миллион адамға 42 500 теңге берілді. Осылайша өтініш бергендердің жартысына жуығының табысынан айырылғаны расталмаған.

 

"Төтенше жағдай кезінде табысы артқан азаматтар да болған. Соған қарамастан әлеуметтік төлемге өтініш берді. Бұдан бөлек, өтініште көрсетілген мәліметтер нақты деректерге сәйкес келмеді. Табысты екі жақтан алып отырғандар да болды. Сосын қайтыс болған адамдардың атынан немесе басқа елге көшіп кеткендердің атынан жалған өтініштер берілді. Тіпті, түрмеден отырғандардан өтініш түскен. Негізі олар мемлекеттік қамсыздандыру жүйесіне кіреді", - деді Сарбасов бүгінгі онлайн брифингте.

 

Оның айтуынша, алғашқы айда 3,7 миллион адам төлем алса, екінші айда 2,9 миллион адамға берілді. Қаржының жалпы сомасы 194,2 миллиард теңгені құрап отыр.

 

Айта кетейік, жақында министрлік әлеуметтік төлем беру ережесіне тағы өзгеріс енгізді. Оған сәйкес, кері қайтарылған өтініштер қайта қаралады. Ол үшін жұмыспен қамту бөліміне тиісті құжаттарды тапсыру керек. Жалдамалы жұмысшылар үшін жұмыс берушілер өтініш берсе, жеке кәсіпкерлер өздері арыз жазады. Өтініштерді аудандық штаб қарайды.


 




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 15:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31