Бұрынғы спорт және мәдениет вице-министр Сәкен Мұсайбековтің ісіне қатысты даулы сөмке 4,5 миллион теңгеге сатылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Сауда түрі – баға төмендейтін аукцион, бастапқы баға – 25,6 миллион теңге, сатылым бағасы – 4,5 миллион теңге", – делінген электронды сауда сайтындағы хабарламада.
Саудаға құны 8,5 миллион теңге болатын Hermes әйелдер сөмкесі түскен.
Айта кетейік, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Сәкен Мұсайбеков 2021 жылы тамыз айында жемқорлық үшін сотталған. Аталған сөмке параның бір бөлігі болған.