Мәселе

Вице-премьер вакциналаудың жаңа талабына қатысты пікір білдірді

  • https://www.aa.com.tr/

    https://www.aa.com.tr/

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцина салдыру мен ПТР-тест тапсыру міндеті азаматтардың конституциялық құқығын бұзбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қызмет көрсету саласында, өнеркәсіп кәсіпорындарында және өзге де 20 адамнан асатын ұжымдарда вакцина салдыру талабын енгізуді ұсынды. Ал екпеден бас тартқандар 7 күн сайын ПТР-тест тапсыруға міндетті болады. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысынан кейін осы талаптар заңды күшіне енеді.

 

"Мен өзім конституциялық құқықтарды бұзуды көріп отырған жоқпын. Біз таңдау ұсынып отырмыз. Вакцинадан бас тартқандар ПТР-тес тапсыра алады. Біз көрші елдерде болып жатқан жағдайды жақсы білеміз. Сондықтан халықтың денсаулығы мен өмірін сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек", - деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

 

Осы орайда үкімет басшысының орынбасары вакцина салдыру мен ПТР-тест тапсыру міндеті барлық адамға қатысты емес екенін ерекше атап өтті. Мәселен, комиссияның ұсынысы аясында қызмет көрсету саласы енгізіліп отыр. Себебі дәл осы қызметке жүгінетін адам көп. Вирустың таралу қаупі де жоғары.

 

"Біз ешкімді міндеттеп отырғын жоқпыз. Бірақ қызмет көрсету саласында қауіпсіздікті қамтамасыз етугі міндеттіміз. Өйткені ондай жерлерге күнде мыңдаған адам келеді. Қазіргі жағдайды дұрыс түсінуіңізді сұраймын", - деп атап көрсетті Тоғжанов. 

 

Премьер-министрдің орынбасары халықты вакцина салдыруға үндеді. Республика бойынша екпенің 2,4 миллион дозасы бар. Екі аптаның ішінде тағы екі миллион вакцина жеткізіледі.

 

"Бұл – ерікті шара. Бірақ жаңа қауіп-қатерлерді ескере отырып, қосымша шараларды қабылдауға тура келді", - деді Тоғжанов.

 

Оның сөзіне қарағанда, коронавирусқа қарсы вакцина бар. Бірақ екпе салу шаралары баяу жүргізіліп жатыр. Ендігі мақсат – күніне 70 мың адамға вакцина егу.

 

 

 




Көрілген: 942    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.06.2021, 19:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31