Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Яндекс.Таксидегі" 200 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін

20 желтоқсан 2022, 09:48

Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында депутат Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазақстанда 200 мыңға жуық азамат Яндекс такси арқылы нәпақасын табады. Меніңше, бұл аса қырағылық пен үкіметтің тікелей назар аударатын басты мәселесі. Яндекс такси қосымшасының таксишілерден алатын комиссиясы — 18-22 пайыз, - дейді Елнұр Бейсенбаев.


Ол бұл не деген дүниеқорлық? Бәсекелестікті дамыту агенттігі қайда қарап отыр? Бұл — біздің Қазақстанның салығынан да көп комиссия. 200 мыңға жуық қазақстандық соншама ақшаны шетелдік ұйымға кетіріп жатыр. Неге осыны бақылауға алмайды деп күйінді.


Ресейге әртүрлі санкция салынып жатыр. Мысалы қателеспесем Эстония мен Литва Яндекс таксидің жұмысын тоқтатты. Ертең 200 мың қазақстандық бір күнде жұмыстан сырт қалу қаупі бар, - дейді депутат.


Министр Бағдат Мусин Яндекс таксидің комиссиясының жоғары болуын DiDi компаниясының кетуімен байланыстырды.