Мәселе

Заңды білмейтін, «түймедейді түйедей ететін» блогерлер бар – Жоғарғы Сот өкілі

  • Заңды білмейтін, «түймедейді түйедей ететін» блогерлер бар – Жоғарғы Сот өкілі

    Заңды білмейтін, «түймедейді түйедей ететін» блогерлер бар – Жоғарғы Сот өкілі

Бұл туралы ОКҚ-да «Қазақстан судьяларының VIII съезі: құзыреттілік, тәуелсіздік, жауапкершілік» тақырыбында өтіп жатқан онлайн брифинг барысында  ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов айтты.

Президент судьяларға Қазақстанда БАҚ пен әлеуметтік желілер тарапынан қысым жасайтын жағдайлар бар екенін айтты. Сонымен қатар елімізде судьялардың құқық қорғау органдарына тәуелділігі сақталуда екенін атады. Бүгінгі таңда БАҚ пен әлеуметтік желілер тарапынан қысым көрсеткендер үшін жауапкершілік шараларын дайындап жатсыздар ма, судьялардың құқық қорғау органдарына тәуелділігін жою алдағы уақытта қарастырыла ма деп журналист сауал жолдады.

Бұл сұрақ - бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Осы мәселені Президенттің өз аузынан естігеніміз үшін қуаныштымыз. Өйткені шын мәнінде судьяларға күн өткен сайын ақпараттық қысым көбейіп келеді. Әсіресе, заңды білмейтін, «түймедейді түйедей ететін» блогерлер тарапынан осындай ақпараттар, кейбір заңгерлер, адвокаттардың өзі сот үкімдері шықпай жатып, сот процесі аяқталмай жатып, өз шешімдерін халыққа таңып, «осындай шешім болуы керек, осылай болмаса, ол судьяныкі дұрыс емес» деген сияқты әркеттерді байқап отырмыз. Әрине, мұның бәрі заңға қайшы. Нақты істерді қарау кезінде судья тәуелсіз және оған ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Егер мұндай әрекеттер болса, ол азаматқа заң тарапынан шара қолданылады деп Конституцияда көрсетілген. Дегенмен бұл заң әзірге әлсіз болып тұрған сияқты. Бұл ретте азаматтардың сөз бостандығын жақсы түсінеміз. «Сөз бостандығы» дегенді сылтау етіп, заңға қол сілтеуге немесе судьялардың тәуелсіздігіне қол сұғуға болмайды. Президент осы мәселелерді атап өтті, - деді Айдос Сәдуақасов.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарының судьяларға қысымын түсіндіріп өтті.

Сотқа іс келмей тұрып, мысалы, белгілі бір шенеунікті не азаматты ұстаған кезде құқық қорғау органдары қалай әрекет етеді? Олар брифинг жариялайды. Күдіктіні халыққа бірден қылмыскер сияқты етіп көрсетеді. Алайда сот процесі барысында ол адамның ешқандай қылмыс жасамағаны немесе қылмысының дәлелденбегені анықталады. Сол кезде қоғам «Неге сіздер сол адамды босаттыңыздар?» деп соттарға шабуылдайды. Егер ешқандай дәлел болмаса, ол адамды қалай соттаймыз? Міне, осындай фактілерді алдағы уақытта құқық қорғау органдары бірден жария етпей немесе оның анық-қанығын біліп алып қана прокуратураның рұқсатымен ғана айтса екен, - деді ол. 

Сондай-ақ Жоғарғы Сот өкілі Президент жанында сот-құқық реформалары жөнінде екі арнайы комиссия құрылғанын, комиссияның жұмыс тобы қандай шараларды қабылдау керектігін алдағы уақытта жариялайтындарын айтты.


Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

BAQ.KZ




Көрілген: 567    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 23:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30