Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Заңсыз казино анықталды

27 сәуір 2011, 13:30

Қызылорда қалалық прокуратурасы ойын бизнесімен заңсыз айналысқан бір көңіл көтеру орнының жұмысын әшкереледі. Олар өз істерінің заңға томпақ екенін біле тұра, өз әрекетін жасап келген.
Көңіл көтеру ор­ны облыс ор­та­лығының «Ақ­­­ме­­шіт» ша­ғын ауда­нын­да ор­налас­қан. Көп қа­бат­ты үйдің бі­рін­ші қа­ба­тын­да қоныс теп­кен «Кез­десу» кафесінің иелері елді заң­сыз ойын түрлеріне тартқан. Онда казинодағы­дай рулеткалар орналасқан. Жеңіске жет­кен ойыншыларға сыйақы беріліп кел­ген.
Еліміз бойынша мұндай орындар тек Алматы облысының Қапшағай, Ақмола об­лысының Щучье қалаларында қоныс те­буі тиіс. Өзге өңірлерде мұндай биз­нес­пен айналысуға қатаң тыйым салынған.
Қазіргі таңда аталған оқиғаға сәйкес, тек­серу жұмыстары жалғасып жатыр. Со­дан кейін олқылыққа жол берген кафе ие­ле­ріне тиісті жаза қолданылмақшы.