Мәселе

Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік жазаланады

  • Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік жазаланады

    Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік жазаланады

Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік әкімшілік жазаға тартылады. Онымен еңбек келісімшарты да бұзылуы мүмкін, деп хабарлайды  Елорда Инфо.


"Шамадан тыс қол жүгі немесе ауыр жүкті рәсімдеу үшін жолаушылар пойыздың жөнелтілуіне бір сағат қалғанға дейін жүк бөлімшелеріне жүгінуі керек. Сонымен қатар бандероль, кіші қорабтар мен басқа жүкті теміржол арқылы жіберетін болсаңыз "Қазпочта" АҚ-ның көптеген филиалдарына хабарласаңыз болады. Алайда, аталмыш жүкті жолсеріктер арқылы тасымалдау заңсыз болып табылады. Және де компания бұндай жолмен жіберілген жүкке жауап бермейді. Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік әкімшілік жазаға тартылады. Онымен тіпті еңбек келісімшарты да бұзылуы мүмкін", - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығының хабарламасында. Заңсыз рәсімделген жүк тасымалына куә болған адам фотобейне түсіріп (пойыз және вагон нөмірі), компания бас директорының блогына жібере алады. ҚР Инвестиция және даму министрлігінің бұйрығына сай жолаушылар пойыздарында тегін қол жүгін тасымалдаудың нормалары бекітілген. Тұлпар Тальго вагондарында 25 келіден аспайтын және де үш өлшем бойынша (биіктігі, ені, ұзындығы) 150 см дейін болатын жүк тасымалдауға рұқсат берілген. Стандартты вагондарда жолаушыларға салмағы 35 келіге дейін үш өлшемі 200 сантиметрге дейін жүкті тасымалдауға болады.  




Көрілген: 504    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 13:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31