Мәселе

Заречный түрмесінен тағы бір бүлік шықты (видео)

  • https://echokirova.ru

    https://echokirova.ru

№ЕС-164/6 түзету мекемесінде (Алматы облысы, Заречный қаласындағы ашық мекеме) жазасын өтеп жатқан Валерий Цой Инстаграмдағы парақшасында тәртіптік тергеу изоляторындағы адам көргісіз жағдайға және өзін түрме қызметкерлері үнемі ұрып-соғатынына шағымданған видео жариялады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.


Видеода сотталушы Цой аяғы мен арқасында көгеріп, қатты ісіп кеткен жерлерін көрсетеді. Ол өзін қасындағы сотталушы смарт-сағат үшін аяусыз тепкіге жыққанын айтады, ал тағы бір видеода өзін тергеу изоляторы бастығының бұйрығымен ұрғанын айтады. Сондай-ақ, ер адам бұл арада ақша мен ұялы телефон ұстауға тыйым салынғанын, бірақ түрме басшылығы ақшасын төлесе оған мүмкіндік беретінін айтады.


Видеода сотталушы тергеу изоляторының ішін көрсетіп, бұл ара адамды ауру жасайтынын айтады, сөйтіп еденде жатқан кірпіштерді көрсетеді.



ҚР ІІМ ҚАЖК осы видеоға қатысты біздің ресми сауалымызға жауап бердік.


Сонымен, ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков видеода көрсетілген тергеу изоляторында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын, оның жақын уақытта аяқталатынын жеткізді.


- Сотталушының денесіндегі жарақаттарға байланысты ішкі тергеу басталды. Ол емделу үшін ауруханаға ауыстырылмайды. Бұл факті бірыңғай тіркеу кітапшасына енгізілді. Алдын ала деректер бойынша, сотталушы қатаң тәртіптегі түрмеге ауыспас үшін қасындағы сотталушылардың көмегімен өзіне дене жарақаттарын келтірген.Сотталушы Цой тәртіпке бағынбайтын, қандай да бір жауапкершіліктен немесе жазадан сытылу үшін өз-өзіне жарақат келтіруге бейім адам, - деді Жәнібеков.


 


 


 


 




 




Көрілген: 2031    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 15:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31