Мәселе

Заречныйдағы азаптау ісі: 7 қызметкер қамалды

  • Заречныйдағы азаптау ісі: 7 қызметкер қамалды

    Заречныйдағы азаптау ісі: 7 қызметкер қамалды

Алматы облысындағы тұтқындарды азаптаудан кейін 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тәртіптік негізде аталған мекеме мен Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14 лауазымды тұлғасы жазаланды", - деп атап өтті ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Сонымен қатар, теріс себептермен ішкі істер органдарынан 7 қызметкер, оның ішінде 2 мекеме бастығының орынбасары жұмыстан шығарылды. "Тәртіптік сипаттағы шаралармен қатар, Алматы облысының арнайы прокурорлар басқармасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істерді тергеу шеңберінде 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындалды. Сонымен қатар, мекеме бастығы және Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Атап өтер жай, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің осындай қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға итермелейтін алғышарттарды жою бойынша жүйелі шаралар кешені қабылдануда", - делінген хабарламада. Министр, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 24-25 сәуірінде Алматы облысы ҚАЖ департаментінің ЛА155/14 мекемесінде тінту іс-шаралары фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізу барысы туралы атап өтті. Тексеру барысында 30 ұялы телефон, 16 зарядтау құрылғысы, 3 құлаққап, 54 шаншу-кесетін заттар (бір рет қолданылатын станоктың жүзі - 34, тырнаққа арналған қысқыштар - 5, қайралған металл заттар - 6, қайшы - 9), азаматтық үлгідегі заттар - 50, қолдан жасалған 2 қайнатқыш табылды. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті сотталғандардың азаптау туралы арыздары негізінде тергеу жүргізу үстінде. Тексеру барысында барлық оқиғалар қатысушылардың және оларға жол берген адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

 




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.08.2019, 16:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30