Мәселе

Зейнетақы қорын пайдалана алмайтындар ауыл тұрғындары - Депутат

  • https://datnews.info/

    https://datnews.info/

Сенат депутаты Әли Бектаев халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін айтып, премьер министр Асқар Маминге сауал жолдады.

 

&ndash Бүгін және болашақта ең төмен зейнетақы алатындар ауыл тұрғындары болмақ. Жұрт қатарлы зейнетақы қорының бір бөлігін алып, пайдалана алмайтындар да ауылдықтар болайын деп тұр. Жақында мен ҚР 2030 жылға дейінгі мерзімге арналған "зейнетақы жүйесін жаңғырту" туралы тұжырымдамасының жобасымен таныстым. Ашығын айту керек, аты дардай болғанымен аталған тұжырымдамадан ешқандай жаңалық көргенім жоқ, &ndash деді депутат.

 

Сенат депутатының айтуынша, елдің қазіргі әлеуметтік жүйесі бытыраңқы.

 

 &ndash Балаларға берілетін жәрдемақы ең төменгі кедейшілік шегінің 70% құрайды. Олай болса, оларда Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншіліктің сол деңгейде болатыны айдан анық. Мұның барлығы Қазақстанға жаңа әлеуметтік саясат енгізу қажет екендігін көрсетеді. Жаңа саясат, негізінен, балаларды қорғау мен қолдауға бағытталуы қажет. Мемлекет балалардың әрқайсысын, тұрмыстық жағдайына қарамай, туған кезден 18 жасқа толғанға дейін кепілді және міндетті түрде әлеуметтік қолдаудың жаңа стандарттарын енгізуі керек. Балаларға бөлінетін бұл қаржы әлеуметтік көмек немесе жәрдемақы деп те аталмауы тиіс. "Бала капиталы" деген атаумен арнайы карточкалар арқылы әр баланың өз қажетіне ғана жұмсалуы тиіс. Әрине, ол бүгінгі әлеуметтік стандарттан әлдеқайда жоғары болуы шарт. Оған мемлекеттен қомақты қаржы да бөлінуі керек. Бірақ, балаларға жұмсалған капитал ертең еселеніп қайтатынына ешқандай да күмән жоқ. Қазақстандықтарды қалалық, ауылдық деп бөлмей, оларға әлеуметтік кепілдіктерге бірдей жағдай туғызу мақсатында барлық әлеуметтік бюджетті біріктіретін бірыңғай әлеуметтік қор құру қажет. Оған мемлекеттік және атқарушы органдар, квазимемлекеттік холдингтер мен кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін жұмылдыру маңызды, &ndash деп Әли Бектаев үкімет басшысына депутаттық сауалын жолдады.

 

qamshy.kz




Көрілген: 1445    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2020, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31