Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Зейнетке шығу жасы төмендейді": Еңбек министрлігі түсініктеме берді

22 шілде 2020, 15:49

 Әлеуметтік желіде зейнетке шығу жасының төмендеуі туралы ақпарат кеңінен тарап кетті. Осы орайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәліметке түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Stopfake.kz сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, Нұрлыбек Қуаңбаев атты Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы өзінің парақшасында азаматтардың зейнетке шығу жасы қысқартылғанын, ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады деген ақпар таратқан. Одан бөлек, скриншотқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін қосып қойған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жазбаның жалған екенін мәлім етті. "Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстанда зейнеткерлік жастың өзгертілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жаста, әйелдер үшін қазіргі уақытта – 59,5 жаста басталады", - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында шілде айында әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан еді.

KAZ.NUR.KZ.