Мәселе

"Зейнетке шығу жасы төмендейді": министрлік түсініктеме берді

  • "Зейнетке шығу жасы төмендейді": министрлік түсініктеме берді

Facebook қолданушысы парақшасында ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады деген ақпарат жариялаған

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде зейнетке шығу жасының төмендеуі туралы хабар тарап жатыр. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл жалған ақпарат, зейнетақы жасын өзгерту туралы мәселе қозғалып жатқан жоқ", - деді еңбек министрлігі.

Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, Нұрлыбек Қуаңбаев деген Facebook қолданушысы парақшасында азаматтардың зейнетке шығу жасы қысқартылғанын, ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады деген ақпарат жариялаған. Сонымен қатар скриншотқа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосын қосып қойған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, жоққа шығарды.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің тауарлармен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қытайдан гуманитарлық көмек ретінде әкелінген маскаларға коронавирус инфекциясы жұқтырылған деген аудиожазбаны фейк деп атады. Министрлік азаматтардан әлеуметтік желіде тараған шындыққа жанаспайтын ақпаратқа сенбеуді және тек ресми дереккөздерге сенуді сұрады.




Көрілген: 919    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30